Қоғам

"Біз олай есептемейміз": білім министрі ұстаздарға қатысты сауалға жауап берді

© Sputnik / Абзал Калиев1 сентября. Лицей-интернат "Білім-Инновация" для одаренных девочек города Нур-Султан
1 сентября. Лицей-интернат Білім-Инновация для одаренных девочек города Нур-Султан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Асхат Аймағамбетов білім саласында жемқорлық фактісі жиі кездеседі деген пікірмен келіспейтінін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан – Sputnik. Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ұстаздарға гүл беру жайлы пікірін айтып, мұндай сыйлықты сыбайлас жемқорлыққа жатқызуға бола ма деген сұраққа жауап берді.

Министр КТК телеарнасының "Слуги народа" бағдарламасына берген сұқбатында білім саласын жемқорлық жайлаған жоқ дейді. Оның ойынша, қазір көпшілік бұл сала жемқорлыққа батқан деп есептейді.

"Шын мәнінде, білім саласында жемқорлық соншалықты көп емес. Бар болғаны, бізде ұйым өте көп. Мысалы, 20 мың білім беру ұйымы бар. Еліміздің әр азаматы бұл саламен кездеседі. Әрине, сондықтан білім саласында жемқорлық тамыр жайған деген ой туындайды", - дейді сұқбатында Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, қазір азаматтар сыбайлас жемқорлыққа не жататынын және ненің жатпайтынын түсінуі тиіс.

"Кейбіреулер мұғалімге гүл сыйлауды жемқорлық деп санайды. Біз олай деп есептемейміз. Сондықтан жемқорлыққа ненің жататынын, ненің жатпайтынын нақты білу керек. Бірінші сыныпқа барған баланың ұстазына гүл сыйлауы – сыбайлас жемқорлық емес, бұл – дәстүр, бұл – құрмет", - деді министр.

Тағы оқыңыз: Білім министрі оқуды қызыл дипломмен бітірген мұғалімге жұмыс тауып берді

Өткен жылы елордалық білім басқармасының басшысы педагогтарға бағасы 2 АЕК-тен асатын (4 мың 810 теңге немесе 13 доллар – Sputnik) сыйлық жасауға болмайды деген еді.

Аймағамбетов ата-аналар жасаған сыйлық айыппұл немесе қылмыстық жазаға әкелуі мүмкін екенін де айтып өтті.

Жаңалықтар
0