Қоғам

Қазақстан мектептері 12 жылдық білімге қашан көшетіні белгілі болды

© Sputnik / Тимур БатыршинШкольник
Школьник - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Он екі жылдық білім жүйесіне көшу мектептерге үлкен салмақ салады. Сондықтан асығыс шешім жағдайды ушықтыруы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан – Sputnik. 2021 жылдан бастап мектептер он екі жылдық білім беру жүйесіне көшеді. Бұл туралы бүгін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Он екі жылдық білімге 2021 жылы көшуді жоспарлап отырмыз", - деді Аймағамбетов мәжілістегі үкімет сағатында.

12 жылдық білім беру жүйесі 1-11 сыныптар жаңартылған мазмұндағы бағдарлама мен жаңа бағалау жүйесіне толығымен көшкеннен кейін енгізіледі.

"Егер асығыс шешім қабылдап, ойланбастан әрекет етсек, жағдайды ушықтырып алуымыз мүмкін. Себебі он екі жылдық білім жүйесіне көшу мектептердің инфрақұрылымына үлкен салмақ салады. Бұдан бөлек, мұғалімдер даярлау мен жаңа оқулықтар шығаруды талап етеді. Оның үстіне елімізде үш ауысымды мектептер де аз емес", - деді министр.

Тағы оқыңыз: Мұғалім білім беру жүйесін сынға алды. Тоқаев мәселенің басын ашуды тапсырды

Айтуынша, жаңартылған бағдарламалар 2015 жылы бекітілген. Тиісінше, қазір барлық сыныптың 95 проценті жаңартылған мазмұнға көшті. Ал келесі жылы он бірінші сыныптар ауысады деп жоспарлануда.

Жаңалықтар
0