Экологиялық шара "Барыс Арена" кешенінде "Барыс" – "Витязь" хоккей клубтарының матчы алдында ұйымдастырылды
Акция барысында жанкүйерлерге сыйлық таратылып, балалар түрлі ойын ойнады.
Мұз айдынында қар барысының епті қимылдары 3D-шоу арқылы көрсетілді.
Осылайша, шараны ұйымдастырушылар елімізде қар барысының азайып бара жатқанын атап өтіп, оның популяциясын сақтау мәселесіне көпшіліктің назарын аудартқысы келген.
Тағы оқыңыз: Елімізде қанша қар барысы қалды?
Ақ барыс – қазақстандықтар үшін ерекше жануар. Ол – мемлекеттің символы, әрі Алматы қаласының гербінде бейнеленген. Қазақстанда қар барысы Тянь-Шань, Жетісу (Жоңғар) Алатауы, Сауыр-Тарбағатай, Алтай тауларын мекендейді. Бүгінде елімізде шамамен 130 ақ барысы бар.
Бұл жануар 12 елдің аумағында ғана мекендейді: Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Қытай, Үндістан, Пәкістан, Ауғанстан, Непал және Бутан.