Қоғам

14 баласы бар: Қазақстанның көпбалалы саясаткерлері кімдер?

© Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin TimurБауыржан Байбек жары Жанар және ұлымен бірге
Бауыржан Байбек жары Жанар және ұлымен бірге  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп баласы бар ата-аналар көпбалалы саналады

НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан – Sputnik. Жоғары лауазымды қызмет атқарып жүрген көпбалалы саясаткерлердің бірсыпырасын назарларыңызға ұсынамыз.

Бекболат Тілеухан

Мәжіліс депутатының 14 баласы бар. Бұл туралы ол Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында айтты.

"Құдай берген көп жарым бар. Сіз айтқандай, бесеуге жетпейді. Одан аз. Мұнымен қатар, мына мәселені айтқым келіп тұр. Жұрт жақында "Бекболат өзінің 11 баласы бар екенін мойындады" деп шулады. Осы тұста Бекболатқа тағы да жала жабылды. Менде 11 емес, 14 бала бар", - деген еді ол.

Ол "тоқал" деген сөзді ұнатпайтынын, бұл сөздің орнына "екінші, үшінші жар" деп қолдану қажеттігін алға тартқан еді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Bekbolat Tleukhan (@bekbolat.tleukhan)

Айтуынша, қаланың жағдайына байланысты баласының саны 14-пен шектеліп қалыпты. Бекболат Тілеухан олардың есімдерін шатастырмайды, әрі перзентінің дүниеге келген күні мен уақытын нақты айтып бере алады. Оның Нұрмұхаммед, Нұрдәулет, Зейнеп, Ажар, Дәнел, Медина, Сафия, Жамал, Абдулхамит, Абдулла, Әбдірахман, Ахмет, Әбдісабыр, Махмұт есімді балалары бар.

Бауыржан Байбек          

Саясатта жүрген көпбалалы әкелердің бірі – "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек. 45 жастағы әке бес бала тәрбиелеп отыр. Жұбайы – Жанар Байбек.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Бауыржан Байбек (@baibekbk)

Бауыржан Байбек қазақ, орыс, ағылшын, неміс тілдерінде еркін сөйлейді. Осыған дейін Алматы қаласының әкімі қызметін атқарған.

Әлихан Смайылов

Ал премьер-министрдің бірінші орынбасары - қаржы министрі 46 жастағы Әлихан Смайылов келіншегі Балжан екеуі бес бала тәрбиелеп отыр. 

© Sputnik / Абзал КалиевӘлихан Смайылов
14 баласы бар: Қазақстанның көпбалалы саясаткерлері кімдер? - Sputnik Қазақстан
Әлихан Смайылов

Смайылов соңғы қызметіне биылғы жылдың ақпанында келді. Сондай-ақ ол Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесіндегі Қазақстанның өкілі.

Ғабидолла Әбдірахымов

Шымкенттің экс-әкімі  Ғабидолла Әбдірахымовтың 4 баласы бар: Әсел (1998), Аделя (2003), Алтынай (2009) және Әлихан (2004). Әйелінің аты-жөні – Данара Әбдірахымова.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Gabidulla Abdrakhimov (@gabidullaabdrakhimov)

Жуырда 44 жастағы көпбалалы әке Қазақстан премьер-министрінің кеңесшісі болып тағайындалды.

Мағзұм Мырзағалиев

Ел демографиясына үлес қосып жүргендердің бірі – экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев.

© Sputnik / Абзал КалиевЭкология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев
14 баласы бар: Қазақстанның көпбалалы саясаткерлері кімдер? - Sputnik Қазақстан
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев

40 жастағы шенеунік жұбайы Айым Мырзағалиевамен 5 бала тәрбиелеп отыр.

Мырзағалиев қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерін біледі. Экология министрлігін осы жылдың 17 маусымынан бері басқарады.

Елжан Біртанов

Көпбалалы атқамінерлер тізіміне денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов та кіреді.

Біртанов қазір 48 жаста, үйленген, 4 баласы бар.

© Sputnik / Владислав ВодневДенсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов
14 баласы бар: Қазақстанның көпбалалы саясаткерлері кімдер? - Sputnik Қазақстан
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов

Кәсіби мансабын Алматы қаласында жедел медициналық көмек ауруханасының реаниматолог-дәрігері болып бастаған еді.

Зағипа Бәлиева

61 жастағы Мәжіліс депутаты Зағипа Бәлиеваның Данияр (1980), Ернар (1984), Алияр (1990), Нұрсұлтан (2006) есімді ұлдары мен Альдара-Бегім (2004), Дария-Бегім (2007) атты қыздары бар. Күйеуінің есімі – Мұхтар Бәлиев.

2016 жылы көпбалалы ана республикалық әкелер форумында 3 баланы асырап алғанын, алдағы уақытта 5 баланы бауырына басқысы келіп жүргенін айтқан еді.

© Sputnik / Болат ШайхиновЗағипа Бәлиева
14 баласы бар: Қазақстанның көпбалалы саясаткерлері кімдер? - Sputnik Қазақстан
Зағипа Бәлиева

"Жұбайымыз екеуіміз балалар үйінен үш бала асырап алдық. Өзіміз дүниеге әкелген үш баламыз бар. Бүгінде 6 баланы бауырымызға басып отырмыз. Ешкімді бөле жарып қарамаймыз. Алдағы уақытта тағы 5 бала асырап алсақ деген ойымыз бар. Қазақ – жетім-жесірін жылатпаған халық", – деді ол.

Зағипа Бәлиева көп жыл Қазақстанның бала құқықтары жөніндегі уәкілі қызметінен атқарды. 2018 жылдың маусымында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен Бәлиева балалар омбудсмені қызметінен босатылды.

Жеңіс Қасымбек

Облыс әкімдерінің арасында да көпбалалы әкелер баршылық. Соның бірі – бір ай бұрын Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалған Жеңіс Қасымбек.

© Sputnik / Владислав ВодневҚарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек
14 баласы бар: Қазақстанның көпбалалы саясаткерлері кімдер? - Sputnik Қазақстан
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек

44 жастағы атқамінердің Ақерке (1997), Жансая (2000), Ләйлім (2003) және Мәди (2006) есімді төрт баласы бар. Жұбайы – Ақжан Қасымбек.

Нұрлан Ноғаев

Атырау облысы әкімінің 5 ұлы және бір қызы бар. Әйелі – Бағдагүл Ахметова.

© Photo : сайт правительства РКАтырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев
14 баласы бар: Қазақстанның көпбалалы саясаткерлері кімдер? - Sputnik Қазақстан
Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев

52 жастағы әкім Атырау облысын 2016 жылдың көктемінен бері басқарады. Осыған дейін Батыс Қазақстан облысының әкімі болған.

Серікбай Тұрымов

Маңғыстау облысының әкімі 5 бала тәрбиелеп отыр.

© Photo : Официальный сайт акимата г АктауСерікбай Тұрымов
14 баласы бар: Қазақстанның көпбалалы саясаткерлері кімдер? - Sputnik Қазақстан
Серікбай Тұрымов

55 жастағы атқамінер мамандығы бойынша инженер-құрылысшы. Маңғыстау облысының әкімі қызметіне 2019 жылдың 13 маусымында тағайындалған болатын. Әр жылдары Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, Жаңаөзен әкімі, Ақтау әкімі, Маңғыстау облыстық маслихаттың хатшысы қызметтерін атқарды.

Болат Бақауов

Павлодар облысын басқаратын Болат Бақауов – бес баланың әкесі.

© Photo : Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметіБолат Бақауов
14 баласы бар: Қазақстанның көпбалалы саясаткерлері кімдер? - Sputnik Қазақстан
Болат Бақауов

48 жастағы шенеунік әр жылдары Ақсу қаласының әкімі, Павлодар қаласының әкімі, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты қызметтерін атқарды. Бір кездері жеке кәсіпкер де болған.

Құмар Ақсақалов

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі үйленген, 4 баласы бар.

54 жастағы Ақсақалов облысты 2017 жылдың наурызынан бері басқарады.

© Photo : пресс-служба акима СКОҚұмар Ақсақалов
14 баласы бар: Қазақстанның көпбалалы саясаткерлері кімдер? - Sputnik Қазақстан
Құмар Ақсақалов

Әр жылдары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

Жамбыл Ахметбеков

Коммунистік халық партиясы орталық комитетінің хатшысы, депутат Ахметбековтың 4 баласы бар. Олардың есімдері – Перизат (1990), Айнұр (1995), Аружан (2003), Камила (2006). Жұбайының есімі – Карлығаш Ахметбекова. 58 жастағы депутат мамандығы бойынша ауыл шаруашылығының маманы.

© Sputnik / Александр МирогловЖамбыл Ахметбеков
14 баласы бар: Қазақстанның көпбалалы саясаткерлері кімдер? - Sputnik Қазақстан
Жамбыл Ахметбеков

Дархан Мыңбай

Бұрынғы мәдениет және ақпарат министрі, қазіргі мәжіліс депутаты Дархан Мыңбайдың Унзила (1990), Дана (1992), Нұрәлі (1995), Газәлі (2005) есімді 4 баласы бар. Әйелінің есімі – Қорлан Құсайынова.

© Sputnik / Владислав ВодневДархан Мыңбай
14 баласы бар: Қазақстанның көпбалалы саясаткерлері кімдер? - Sputnik Қазақстан
Дархан Мыңбай

57 жастағы депутат мамандығы бойынша журналист. Әр жылдары ОҚО түлкібас ауданының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, ҚХА ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР ұлттық музейінің директоры болған.

Мәліметтер ашық дереккөзден алынды

Жаңалықтар
0