Әлем

Акула зообаққа келушілердің көз алдында тұқымдасын жұтып қойды – видео

© Sputnik / Тимур БатыршинАкула в аквариуме Алматинского зоопарка
Акула в аквариуме Алматинского зоопарка - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бельгияда акула өзінің едәуір ұсақ тұқымдасын тірідей жеп қойып, хайуанаттар бағына келушілердің жағасын ұстатты

НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан – Sputnik. RTBF хабарлағандай, бұл оқиға Антверпен хайуанаттар бағында болған. Куәгерлердің бірі оны видеоға түсіріп алыпты.

​Бейнежазбадан ірі қара акула едәуір ұсақ акуланың жанына жүзіп келіп, оған бас салғаны көрінеді. Кейін жыртқыш өз тұқымдасын жұтып жіберіп, аузында құйрығы салбыраған күйі куәгерлердің алдынан жүзіп өтеді.

Тағы оқыңыз: Кішкентай құс жыланның ішек-қарнын жұлып алды – видео

Хайуанаттар бағындағылар оқиғаға түсініктеме беріп, жыртқыш балықтар көптеген жыл бойы бірге өмір сүргенін, дегенмен бір нәрсеге таласып қалғанын атап өтті.

Сондай-ақ мамандар ұсақ акула ауырып, әлсіреген болуы мүмкін деген де болжам жасап отыр.   

Жаңалықтар
0