Қоғам

Министрлік 1 қаңтардан бастап қанша отбасы жаңа жәрдемақы алатынын айтты

© Sputnik / Абзал КалиевҚазақстанның ұлттық валютасы теңге
Қазақстанның ұлттық валютасы теңге  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекеттік жәрдемақы кәмелетке толмаған төрт және одан да көп, немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі балалары бар көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан төленеді

НҰР-СҰЛТАН, 19 қазан – Sputnik. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 340 мыңнан астам көпбалалы отбасы жаңа мемлекеттік жәрдемақы алады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында хабарланған.

Ведомство мамандарының болжамынша, 4 немесе одан көп баласы бар 340,3 мың отбасы көпбалалы болуына байланысты мемлекеттік жәрдемақыға үміткер бола алады.

Еңбек министрлігі жаңа жәрдемақы енгізілгеннен кейін, Қазақстанда көпбалалы отбасылар саны артуы мүмкін деп топшылап отыр.

Мемлекеттік жәрдемақы кәмелетке толмаған төрт және одан да көп, немесе  күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі балалары бар барлық көпбалалы отбасыға табысына қарамастан төленеді.

Жәрдемақының мөлшері бала санына қарай сараланады. Яғни, 4 баласы бар отбасыларға 42 500 теңге, 5 балаға – 53 125 теңге, 6 балаға – 63 750 теңге, 7 және одан да көп баласы барларға 74 375 теңге төленеді.

Орта есеппен алғанда, жәрдемақы мөлшері әр балаға 10-11 мың теңгені құрайды, бұл 2018 жылдан бері тағайындалмайтын осыған ұқсас жәрдемақыдан 4-7 есеге көп.

Министрліктің ақпаратынша, Қазақстанда бүгінде бала саны 7-ден асатын 3151 отбасы бар. "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған және "Ана даңқы" орденімен марапатталған көпбалалы аналарға жеке мемлекеттік жәрдемақы төленеді, оның орташа мөлшері 16 160 теңгені құрайды. Бұл мемлекеттік жәрдемақы сақталады.

Тағы оқыңыз: Жаңа жәрдемақы: он баласы бар отбасылар да 73 мың теңге ала ма?

Бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі үкімет отырысында атаулы әлеуметтік көмектің жаңа тетіктерін таныстырған болатын.

Министрдің айтуынша, көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету республикалық бюджеттен төленетін мемлекеттік жәрдемақы арқылы қамтамасыз етіледі.

Ал атаулы әлеуметтік көмек тұрмысы төмен отбасыларға, соның ішінде көпбалалы отбасыларға да төленеді. Егер отбасының еңбекке қабілетті мүшесі мемлекет ұсынған жұмыстан бас тартса, онда АӘК төлемі тек оған ғана емес, бүкіл отбасына да тоқтатылады.

Еңбек министрлігі тиісті заң жобасын таяуда парламент қарауына енгізуді жоспарлап отыр.

Жаңалықтар
0