НҰР-СҰЛТАН, 18 қазан – Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды.
"Өткен бірнеше тәулікте циклондар Батыс Сібір арқылы өткенімен, олармен байланысты атмосфералық фронттар еліміздегі ауа райына өз әсерін тигізді. Осыған байланысты алдағы демалыс күндері әлі де циклонның ықпалынан шыға алмаймыз", - дейді синоптиктер.
Осылайша, республиканың басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады, солтүстікте кей жерде көктайғақ
және тұман болады.
Солтүстік теңіз аймағынан ығысып жатқан суық ауа массаларының ықпалынан ауа температурасы әрі қарай төмендей береді. Орташа көпжылдық температурадан 3…5°С төмен болады деп болжанып отыр.
Ірі қалалардағы ауа райы
19 қазан астанада күн бұлтты, жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +6, күндіз +8 градус. Алматыда күн ашық, түнде +8, күндіз +15 градус. Шымкентте күн жылы, түнде +10 градус болса, күндіз ауа температурасы +22 градусқа дейін көтеріледі.
20 қазанда елорада түнде қар жауды, күндіз ашық. Күн суытып, түнде -2, күндіз -1 градусқа дейін ауа температурасы төмендейді. Алматыда күн ашық, түнде ауа температурасы +9, күндіз +19 градусқа дейін жоғарылайды. Шымкентте түнде +10 градус, күндіз +21 градус.
21 қазанда Нұр-Сұлтанда күн ала бұлтты, ауа температурасы түнде -5, күндіз +1 градус. Алматыда күн бұлтты, аздап жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +9, күндіз +9 градус болады. Шымкентте күн ашық, түнде +9, күндіз +18 градус нөлден жоғары.