Оқиға

Екі адам қаза болды: полиция Алматыдағы жол апатына кінәлі жігітті ұстады

© Sputnik / СтрингерBMW пришлось разрезать, чтобы достать пострадавших
BMW пришлось разрезать, чтобы достать пострадавших - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жиырма жастағы жүргізуші есірткі қолданып, көлік тізгініне отырған. Полиция оның алкогольдік ішімдік қолданғанын да анықтады

НҰР-СҰЛТАН, 17 қазан — Sputnik. Алматыда екі адамның өліміне әкеп соққан жол апатына кінәлі деген күдікпен жас жігіт ұсталды, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.

Ол 2 ай қамауда отырады. Полицияның мәліметіне сәйкес, өткен түнде Алматы орталығында жантүршігерлік жол апаты болған. Салдарынан жеті адам зардап шегіп, екі тұрғын қаза болды.

© Sputnik / СтрингерҚұтқарушылар ішіндегі жолаушыларды алып шығып, көмек көрсету үшін BMW көлігін кесті
Құтқарушылар ішіндегі жолаушыларды алып шығып, көмек көрсету үшін BMW көлігін кесті - Sputnik Қазақстан
1/3
Құтқарушылар ішіндегі жолаушыларды алып шығып, көмек көрсету үшін BMW көлігін кесті
© Sputnik / СтрингерBMW көлігі жолдың қарама-қарсы жағына шығып кетті
BMW көлігі жолдың қарама-қарсы жағына шығып кетті - Sputnik Қазақстан
2/3
BMW көлігі жолдың қарама-қарсы жағына шығып кетті
© Sputnik / СтрингерСоққының қатты болғаны соншалық, Audi көлігі жарнама билборды, жол белгісі мен ағашты қиратты
Соққының қатты болғаны соншалық, Audi көлігі жарнама билборды, жол белгісі мен ағашты қиратты - Sputnik Қазақстан
3/3
Соққының қатты болғаны соншалық, Audi көлігі жарнама билборды, жол белгісі мен ағашты қиратты
1/3
Құтқарушылар ішіндегі жолаушыларды алып шығып, көмек көрсету үшін BMW көлігін кесті
2/3
BMW көлігі жолдың қарама-қарсы жағына шығып кетті
3/3
Соққының қатты болғаны соншалық, Audi көлігі жарнама билборды, жол белгісі мен ағашты қиратты

Тәртіп сақшылары апатқа кінәлі деген күдікпен 20 жастағы жігітті ұстады. Оның есірткі қолданып, көлік тізгініне отырғаны белгілі болды. Мұның үстіне алкогольдік ішімдік ішкен. 

"Бұл факт ҚР қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі (Көлiкті басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiкті пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі реестрде тіркелді. BMW көлігінің жүргізушісі бірден ұсталды", - делінген Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Тағы оқыңыз: Жол апаты болашақ ана мен іштегі нәрестесін ажалдан құтқарды

Ол уақытша тергеу изоляторына қамалды. Қылмыстық істің материалдары қалалық полиция департаменті тергеу басқармасына берілді. Қылмыстық кодекстің 345-бабына сәйкес, жүргізуші 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Жаңалықтар
0