Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда ерекше көше қиылысы пайда болды – видео

© Sputnik / Владислав ВодневГородской транспорт
Городской транспорт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елорданың халық көп жүретін орындарының біріндегі қиылыста жаяу жүргіншілер жолды қиғаш кесіп өте алады, деп хабарлады Нұр-Сұлтан полициясы

НҰР-СҰЛТАН, 17 қазан – Sputnik. Елорданың оң жағалауында алғашқы қиғаш қиылыс пайда болды. Сейфуллин мен Уәлиханов көшелерінің қиылысында пилоттық жоба енгізілді.

Елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісіне қиғаш қиылыс жаяу жүргіншілердің көшеден өту уақытын азайту мақсатында енгізілгенін айтты.

"Бұл қиылыста жаяу жүргінші көшеден қиғашынан өтіп, уақытын екі есеге қысқартады, сондай-ақ көлікке қауіпсіз маневр жасап, жаяу жүргіншіні кідіріссіз өткізіп жіберуіне мүмкіндік береді", - деп хабарлады департамент.

Елордалық полиция департаменті мұндай қиғаш қиылыстарды одан әрі қолданысқа енгізу жоспары жайлы ештеңе айтпады.

Жаңалықтар
0