https://sputnik.kz/20191017/Almaty-zhol-apaty-11786918.html
Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды: қаза болғандар бар
Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды: қаза болғандар бар
Sputnik Қазақстан
Құтқарушылар ішіндегі жолаушыларды алып шығып, көмек көрсету үшін BMW көлігін кескен. Жеті адам ауруханаға жеткізілді 17.10.2019, Sputnik Қазақстан
2019-10-17T07:21+0500
2019-10-17T07:21+0500
2022-02-01T13:05+0500
https://sputnik.kz/img/1178/67/11786735_4:0:1032:581_1920x0_80_0_0_21334519545a3430b0291fa3425be7cd.jpg
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2019
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1178/67/11786735_108:0:1032:581_1920x0_80_0_0_9d66e83ae48c38231893661c94be6f14.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы
Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды: қаза болғандар бар
07:21 17.10.2019 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Құтқарушылар ішіндегі жолаушыларды алып шығып, көмек көрсету үшін BMW көлігін кескен. Жеті адам ауруханаға жеткізілді
НҰР-СҰЛТАН, 17 қазан — Sputnik. Алматыда BMW көлігінің жүргізушісі жаппай жол апатына себепкер болды. Оқиға салдарынан екі адам көз жұмды.
Куәгерлердің айтуынша, BMW көлігінің жүргізушісі Сейфуллин даңғылымен жүріп бара жатқан. Ол бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрғанына қарамастан, тоқтамай жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кеткен. Audi көлігімен соқтығысты. Соққының қатты болғаны соншалық көлік жарнама билборды, жол белгісі мен ағашқа соғылды.
Ал BMW айналып барып, Subaru Forester мен Toyota Carina-мен соқтығысқан.
Audi көлігінің екі жолаушысы оқиға орнында жедел жәрдем қызметі жеткенге дейін көз жұмды. Тағы жеті адам зардап шекті: Audi көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы, BMW жүргізушісі мен үш жолаушысы және Subaru жүргізушісі.
Олар түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Жол апатының куәгерлері BMW жүргізушісі мас болуы мүмкін деген болжам айтып отыр.