НҰР-СҰЛТАН, 16 қазан — Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады.
"Атмосфералық процестердің тез ауысуы ауа райының қолайсыздығын тудырады. Алдағы үш тәулікте Қазақстан территориясы бойынша үлкен жылдамдықпен суық атмосфералық фронттар жылжиды, алайда оның артынан антициклон келеді, бірақ оны 19 қазанда кезекті циклон және арктикалық фронттар ығыстырады", - деп хабарлады синоптиктер.
Осыған байланысты көптеген облыста күн бұлтты болып, жаңбыр мен қар жауады. Солтүстік облыстарда көктайғақ, солтүстік-батыстан қатты жел тұрып, боран соғуы мүмкін, деп ескертеді мамандар.
Ірі қалалардағы ауа райы
18 қазан Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, аздап жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +1, күндіз +5 градус болады. Алматыда түнде жаңбыр, күндіз ала бұлтты, түнде +6, күндіз +11 градусқа дейін жылынады. Шымкентте күн жылы, түнде +9, күндіз +20 градус.
19 қазан астанада күн бұлтты, жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +6, күндіз +8 градус. Алматыда күн ашық, түнде +8, күндіз +15 градус. Шымкентте күн жылы, түнде +10 градус болса, күндіз ауа температурасы +22 градусқа дейін көтеріледі.
20 қазан елорада түнде қар жауды, күндіз ашық. Күн суытып, түнде -2, күндіз -1 градусқа дейін ауа температурасы төмендейді. Алматыда күн ашық, түнде ауа температурасы +9, күндіз +19 градусқа дейін жоғарылайды. Шымкентте түнде +10 градус, күндіз +21 градус.