"Екі елдің үкіметаралық отырысы достық қарым-қатынас бар жерде шешілмейтін мәселе болмайтынын көрсетті. Бұл біздің агенттік жұмысының жемісі деуге де болады. Біз "Отандастар", "Болашақ" сынды қорлармен тығыз әріптестік орнаттық. Меморандумға қол қоюды жоспарлап отырмыз ", - деді Брюханов.
Тағы оқыңыз: Ресейлік театрлар Қазақстанға гастрольдік сапармен келеді
Ол Мәскеудегі Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесінде "Қазақстан" ұлттық павильоны ашылғанын атап өтті. Мұндай орталықты Санкт-Петербург қаласында да ашу жоспарланып отыр.
*Россотрудничество – Ресейдің ТМД істері және шетелде жүрген отандастар мәселесімен айналысатын агенттік.