НҰР-СҰЛТАН, 16 қазан — Sputnik. Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың фитнес құрылғысындағы көрсеткішті жариялады.
Здоровый образ жизни для Нурсултана Назарбаева всегда был приоритетом. Несмотря на насыщенный график, во время визита в Азербайджанскую Республику Елбасы совершил пешую прогулку, пройдя четыре с половиной километра вдоль Каспийского побережья. pic.twitter.com/dm0ptyNwXm
— Aidos Ukibay (@Aidos_Ukibay) 16 октября 2019 г.
"Нұрсұлтан Назарбаев үшін салауатты өмір салтын ұстану үнемі басты назарда. Әзербайжанға сапары барысында уақыттың тығыз болуына қарамастан, Елбасы серуендеп үлгерді. Ол Каспий жағалауында шамамен төрт жарым шақырым жаяу жүріп өтті", - деп жазды Айдос Үкібай өзінің Twitter-дегі парақшасында.
Фитнес құрылғының көрсеткішіне сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаев қашықтықты 1 сағат 16 минут ішінде жүріп өткен. Тыныштық күйіндегі жүрек қағысы – минутына 71 рет, қозғалыста – 82 рет.
Тағы оқыңыз: "Байғұстар кешке дейін жұмыс істейді": Назарбаев отбасы туралы айтты
Еске сала кетсек, биыл 6 шілде күні Қазақстанның тұңғыш президенті 79 жасқа толды. Қазіргі уақытта ол Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы.
Елбасы 14-15 қазан күндері Бакудегі Түркі кеңесінің VII саммитіне қатысты. Бірқатар екіжақты кездесу өткізді.