Әлем

Дженнифер Энистонның "Достарымен" түскен селфиі Instagram-ды істен шығарды  

© AP Photo / Jordan Strauss/InvisionДженнифер Энистон: Настоящая любовь дает тебе силы вынести все — даже ежедневное отражение себя в зеркале.
Дженнифер Энистон: Настоящая любовь дает тебе силы вынести все — даже ежедневное отражение себя в зеркале. - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Америка кино жұлдызы Дженнифер Энистонның өнеріне тәнті қауым оның Instagram әлеуметтік желісіндегі алғашқы селфиіне мыңдаған пікір қалдырды

НҰР-СҰЛТАН, 16 қазан – Sputnik. Танымал актриса  Дженнифер Энистонның фотосы Instagram қолданушыларының ерекше қызығушылығын туғызды. Оның парақшасындағы селфи әлеуметтік желі платформасын біраз уақытқа істен шығарды.

Аңызға айналған сериалдағы Рэйчелдің рөлінен кейін танымал болған актриса Дженнифер Энистон Instagram-да алғаш рет фото жариялады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

And now we’re Instagram FRIENDS too. HI INSTAGRAM 👋🏻

Публикация от Jennifer Aniston (@jenniferaniston)

Онда оны жылдар бойы "Достарға" бірге түскен әріптестері қоршап тұр.  

"Енді біз де "Достармыз", бірақ Instagram-да. Сәлем", - деп жазды ол.

The Guardian  басылымы хабарлағандай, Энистонның әлеуметтік желіде парақша ашқаны туралы жаңалық қолданушылардың ерекше қызығушылығын тудырып, Instagram платформасы біраз уақытқа істемей қалды.

Тағы оқыңыз: "Енді жасыра алмайды". Танымал әншінің суреті желіде қызу талқыға түсті - фото 

Бір сағаттың ішінде Энистонның парақшасына 116 мыңнан астам адам жазылып, оның алғашқы жазбасы істен шыққанған дейін жүздеген мың лайк жинады.

Қазіргі таңда "Достармен" селфиге сегіз миллионға тарта лайк басылып, кино жұлдыздың парақшасына 6,2 миллион қолданушы жазылды.

"Достар" 90-жылдары ең танымал сериалдардың бірі болды. 1994 жылдан 2004 жылға дейін сериалдың 10 маусымы түсірілді.

Жаңалықтар
0