Қоғам

Жаңа жылдан бастап кімдерге қосымша ақы төленеді?

© Sputnik / Абзал КалиевАқша, архивтегі сурет
Ақша, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлеуметтік қызметкерлерге төленетін қосымша ақы үшін үш жылға бюджеттен 25,1 миллиард теңге қарастырылған

НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан – Sputnik. Қазақстанда әлеуметтік қызметкерлерге психоэмоционалдық және физикалық жүктеме үшін қосымша ақы төлеу ұсынылып отыр.

Стационарлық және жартылай стационарлық типтегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (паллиативті көмек бөлімшелерін қоспағанда) қосымша ақы:

  • басқарушы персоналға – лауазымдық еңбекақының 30%-і
  • негізгі персонал қызметкерлеріне (әлеуметтік қызметкерлерді қоспағанда) – 35%;
  • әлеуметтік қызметкерлерге – 40%;
  • санитарларға – 40%.

Стационарлық және жартылай стационарлық типтегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің паллиативті көмек бөлімшелерінде:

  • тәрбиешілерге, барлық мамандықтағы медбикелерге, санитарларға – 60%.

Уақытша болу, үйде қызмет көрсету ұйымдарындағы қызметкерлерге:

  • басқарушы персонал –15%;
  • негізгі персонал қызметкерлеріне (әлеуметтік қызметкерлерді қоспағанда) –20%;
  • әлеуметтік қызметкерлерге – 35%;
  • санитарларға – 20%.

Жоба "Ашық НҚА" порталында 28 қазанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған. Негіздемесінде әлуметтік қызмет көрсету жүйесінде білікті кадрлардың жетіспейтіні жазылған. Бұл жұмыс қарқындылығына сәйкес келмейтін төмен жалақымен байланысты болып отыр.

Тағы оқыңыз: "Жалақы 50%-ке дейін өседі": министр 2020 жылы болатын өзгеріс туралы айтты

Әлеуметтік қызметкерлерге төленетін қосымша ақы үшін үш жылға 25,1 миллиард теңге немесе жыл сайын 8,37 миллиард теңге қарастырылған ("2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы).

Жаңалықтар
0