Саясат

Тоқаев Мұхтар Тайжанмен Ақордада не жайлы сөйлескені белгілі болды

© Photo : Ақорда сайтыҚазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Мұхтар Тайжанды қабылдады
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Мұхтар Тайжанды қабылдады - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президентпен кездесуде жер мәселесі, қазақстандықтарды баспанамен және жұмыспен қамту мәселелері сөз болды

НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері Ерлан Саиров пен Мұхтар Тайжанды қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Ерлан Саировпен әңгіме барысында еліміздегі қоғамдық-саяси жағдай және әлеуметтік-рухани мәселелер, мемлекеттің аймақтық дамуы туралы талқыланды.

© Photo : Ақорда сайтыҚазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Ерлан Саировты қабылдады
Тоқаев Мұхтар Тайжанмен Ақордада не жайлы сөйлескені белгілі болды - Sputnik Қазақстан
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Ерлан Саировты қабылдады

Сонымен қатар, кездесуде президенттің Қазақстан халқына жолдауының басым бағыттары, еліміздің кейбір шекаралық аудандарының дамуы, көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту және жас ұрпаққа сапалы білім беру жағдайы сөз болды.

Мұхтар Тайжанмен өткен кездесуде жер мәселесі, әскери-патриоттық тәрбие беру, қылмыстық жазасын өтеген азаматтарды жұмысқа орналастыру жайы қозғалды.

Тағы оқыңыз: "Тоқтату керек": белгілі экономист Тоқаевтың ұсынысын қолдамады

Сондай-ақ кездесу барысында өңірлердегі азаматтарды баспанамен және жұмыспен қамту, жол салу, экология мәселелері айтылды. 

Қазақстан президенті жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесі биыл маусымда құрылған болатын.

Кеңес – президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган. Оның қызметінің негізгі мақсаты – жұртшылықтың, саяси партиялардың, азаматтық қоғамның өкілдерімен кеңінен талқылау негізінде мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау.

6 қыркүйекте Тоқаевтың төрағалығымен ұлттық қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Кеңес аясында үш бағыт – саяси, экономикалық және әлеуметтік бағыттар бойынша жұмыс топтары құрылған.

Жаңалықтар
0