Қоғам

ІІМ Қуандық Бишімбаевтың қалай босап шыққанын айтты

© Sputnik / Болат ШайхиновКуандык Бишимбаев
Куандык Бишимбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бишімбаев мерзімінен бұрын шартты түрде босатылмаған, жазасы жеңіл жазаға ауыстырылған. Енді пробациялық бақылауда болады

НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан – Sputnik. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бостандыққа шығуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ол үкімге заңға сәйкес шағым түсірген. Менің білуімше, сот шешімі шықты, жаза мерзімі 4 жыл 8 айға дейін қысқарды. Оның үштен екісін ол өтеп қойды, бір жылдан сәл ғана артық қалды. Бұл мерзім жеңіл жазаға ауыстырылды", -деді Қожаев үкімет кулуарында.

Оның айтуынша, Бишімбаев мерзімінен бұрын шартты түрде босатылмаған, жазасы жеңіл жазаға ауыстырылған.

"Енді ол пробация қызметінде бақылауда болады", - деді министрдің бірінші орынбасары.

Қожаев бұрынғы министрдің кінәсін мойындағанын да атап өтті.

2019 жылдың 11 қазанында Қуандық Бишімбаевтың бостандыққа шыққаны белгілі болды.

ІІМ қылмыстық атқару жүйесі комитетінен мәлімдегендей, Шымкенттің Абай аудандық соты 25 қыркүйекте Бишімбаевтың мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы қолдаухатын қарастырған. Сот өтінішті қанағаттандырды. Жазаның өтелмеген мерзімінде экс-министр пробациялық бақылауда болады.

Бишімбаевтың ісі

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев 2017 жылдың қаңтарында жемқорлық қылмысы үшін ұсталды.

2018 жылы наурыз айында экс-министр 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Тергеу материалдарына сәйкес, Бишімбаев Қызылорда қаласындағы шыны зауытының құрылысына жауапты болған. Сол кезде оның інісі Сұлтан Нұрлыбек 2 миллион доллар көлеміндегі пара алуға делдалдық жасаған.

Экс-министр Қуандық Бишімбаев бостандыққа шықты 

Соттың шешімі бойынша Бишімбаев мемлекеттік қызметте басшылық қызмет атқара алмайды. Өткен жылы мамыр айында аппеляциялық сот оның үкімін өзгеріссіз қалдырған болатын. Кейін оны Шымкент қаласындағы колонияға ауыстырды.

Экс-министр ұсталған сәттен бастап 2 жыл және 9 айын темір тордың ар жағында өткізді.

Жаңалықтар
0