Өңірлер

Қалың тұман және қатты жел: бүгін ауа райы қандай болады?

© Photo : CC0 / adamtrevordesignТуман над озером
Туман над озером - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синоптиктер жексенбі қалың тұман түсіп, жел күшейетінін хабарлады. Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан – Sputnik. Қазақстанның басым бөлігі антициклон ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Тек батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте кей жерлерде жел күшейіп, жаңбыр жауады, тұман түседі.

Жамбыл облысының кей жерінде тұман болады, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман түседі, күндіз желдің күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Алматы тауларында күз - Sputnik Қазақстан
Қоғам
28°C ыстық: синоптиктер қазан айында ауа райы қандай болатынын айтты
Маңғыстау облысында тұман болады, түнде кей жерде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында, түнде Алматы, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі деп болжанып отыр. Таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. 

Түркістан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығысында, Қарағанды облысының батыс және оңтүстік-шығыс бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының онтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Жаңалықтар
0