Sputnik Қазақстан жасырын камера арқылы әлеуметтік эксперимент жүргізіп, бірқатар сұрақтың жауабын психологтан сұрап білді.
Психологтар қазіргі заманда көршілердің бір-бірімен жөнді амандаспауының екі негізгі себебін атап көрсетеді. Біріншісі – жаппай виртуалдандыру. Қазір адамдар бір-бірімен өмірде емес, мессенджерлер, әлеуметтік желілер, блогтарда отырып сөйлеседі.
Екіншісі – көші-қон. Үйдің көптеген тұрғындары – жалдап тұрып жатқандар. Яғни, олар бұл жерде уақытша қонақтар екенін біліп, басқалармен жақынырақ танысуға ұмтылмайды.
Әлеуметтік эксперименттің нәтижесін Sputnik Қазақстанның видеосынан көре аласыздар.