Дерекқор

Қазақстандықтардың назарына: баспаналы болудың түрлі жолдары

© Sputnik / Нина Зотина / Медиабанкке өтуКлючи от квартиры
Ключи от квартиры - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі таңда баспаналы болғысы келетін қазақстандықтар әртүрлі мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алады. "Нұрлы жер" және "7-20-25" –  баспанаға мұқтаж, төлем қабілеті бар азаматтарға үй сатып алу мүмкіндігін ұсынатын бағдарламалар

Кредиттік баспана

"Нұрлы жер" бағдарламасы аясында тұрмысы төмен, халықтың әлеуметтік осал тобы мен жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз арендалық баспана салынады. Бұдан бөлек, әкімдіктер төменгі баға параметрлері бойынша (бір шаршы метрі – 140-180 мың теңге) кредиттік баспана тұрғызады.

Қазақстандықтардың дені (соның ішінде кезекте тұрғандар да) кредиттік баспананы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі және "7-20-25" ипотекалық бағдарламасы арқылы ала алады.

Кредиттік баспана ТҚЖБ арқылы пул қалыптастыру жолымен балдық жүйе бойынша сатылады. 20% бастапқы жарна болған жағдайда, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі сізге жылдық 5%-пен, 20 жылға кредит береді.

Мәселен, шаршы метрі 60, екі бөлмелі пәтердің құны – 8,4 миллион теңге делік. Ай сайынғы төлем 60 мың теңгеге жуықтайды.

Бұдан бөлек, "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысына кредит бойынша субсидия алатын жекеменшік компаниялар баспананың 50%-ін Нұр-Сұлтан, Алматы және қала маңындағы елді мекендерде, Шымкент, Атырау және Ақтауда белгіленген бағамен, бір шаршы метрі 260 мың теңгеге дейін, ал басқа өңірлерде 220 мың теңгеге дейін сатады.

Тағы оқыңыз: Депутат ипотеканың алғашқы жарнасын алып тастауды ұсынды

Жекеменшік компаниялар пәтерді тікелей, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, екінші деңгейлі банктер, "7-20-25" ипотекалық бағдарламасы және Қазақстан ипотекалық компаниясының бағдарламалары арқылы сатады.

Жұмыс істейтіндер үшін

"7-20-25" бағдарламаның мақсаты –  төмен процентпен ипотека беру арқылы халыққа жаңа тұрғын үйден пәтер сатып алуға мүмкіндік ұсыну.

"7-20-25" бағдарламасы аясында жұмыс істейтін әр қазақстандық кредитке баспана сатып ала алады.

Негізгі шарттары:

  • сыйақы мөлшерлемесі жылдық 7%;
  • бастапқы жарна – пәтердің кепілді бағасының 20%-і;
  • кредит мерзімі – 25 жылға дейін.

Ипотекалық бағдарламаға кез келген адам қатыса алады.

Басты критерий:

  • қарыз алушының жеке баспанасы мен ипотекалық қарызы болмауы тиіс;
  • табысын растауы қажет;
  • табысы жетпеген жағдайда, "созаемщик" тартуға болады.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Шымкент қалаларында – 25 миллион теңгеге дейін, қалған өңірлерде 15 миллион теңгеге дейін кредит беріледі.

Мәселен, құны 12,8 миллион теңгенің пәтері үшін ай сайынғы төлем 90 мың теңгедей болады. Ал қалған өңірлерде 9 миллион теңгенің пәтері үшін ай сайын 63 мың теңге төлеп тұрасыз.

Тұрғын үй сертификаты

Жергілікті әкімдіктер "Нұрлы жер" және "7-20-25" бағдарламалары аясында баспана сатып алу кезінде бастапқы жарнаны төлеу үшін азаматтарға тұрғын үй сертификатын береді.

Тағы оқыңыз: 2%-пен беріледі: арзан ипотекамен үй алу үшін отбасының кірісі қанша болуы керек?

Тұрғын үй сертификатын алушылар тізімін жергілікті өкілетті органдар бекітеді. Сертификатты беру ережелерін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әзірлеп, бекіткен.

Баспаналы болудың басқа да жолдары

Қолданыстағы бағдарламалардың тетіктерінен бөлек, несиелеу шарттары қолайлы бірқатар ипотекалық бағдарламалар да бар. Мәселен, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің "Өз үйім" бағдарламасы.

"Баспана хит" бағдарламасы. Номиналды ставка – жылдық 10,75%, бастапқы жарна 20%-тен басталады, несиелеу мерзімі – 15 жыл.

Қазақстан ипотекалық компаниясының "Орда" бағдарламасы. Сыйақы мөлшерлемесі – 12-14%, бастапқы жарна – 30-50%, несиелеу мерзімі – 20 жыл.

Жаңалықтар
0