Оқиға

"Орда" әншілерінің ата-анасы қаза болды: полиция жол апатының мән-жайын айтты

CC0 / Free-Photos / Осколки
Осколки - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Танымал топтың әншілерінің әке-шешесі қаза болған жол апатында тағы екі адамның көз жұмғаны белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 12 қазан – Sputnik. Әншілердің ата-анасы көз жұмған жол апаты Теміртау қаласынан екі километр жерде болды. Бұл туралы Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жол апаты 11 қазанда Бұқар Жырау ауданында болған. Теміртау-Астана автожолымен келе жатқан "Volkswagen" көлігінің 66 жастағы жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысқан. "Scania" көлігінің рөлінде 28 жастағы ер адам отырған.

"Жол апаты салдарынан "Volkswagen" көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта жол апатының мән-жайын полицейлер анықтап жатыр. Бұл факті бойынша тиісті сараптамалар белгіленіп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Айта кетейік, бұған дейін "Орда" тобының әншілері Ерболат пен Есболат Беделханның әке-шешесі көлік апатынан қаза болғаны хабарланған еді.

Жаңалықтар
0