Қоғам

Ерболат пен Есболат Беделханның ата-анасы жол апатынан көз жұмды

© Photo : Instagram желісінен алынды"Орда" тобының әншілері
Орда тобының әншілері - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әншілердің ата-анасы жол апатынан көз жұмған, оларды таныған адамдар желіде қайғырып көңіл айтып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 12 қазан – Sputnik. "Орда" тобының әншілері Ерболат пен Есболат Беделханның әке-шешесі жол апатынан қаза болды.

Бұл туралы журналист Ришат Асқарбекұлы хабарлады.

"Орда" тобындағы Ерболат, Есболат, Жанболат Беделхан деген үш жігіттің әке-шешесі бір күнде көлік апатынан қайтыс болыпты. Өздері де қос дауыста ән айтатын талантты жандар болған екен. Иманды болсын", - деп жазды ол Facebook парақшасында.

Бұл қаралы хабарды басқа да желі қолданушылары растап, көңіл айтып жатыр.

"Алыста жүріп жақын адамыңның қазасын естіген қандай ауыр еді. Қос аққудай қатар жүріп, бірге сахнаны гүл етіп, үнемі көңілді жүретін қайран аға мен абысыным, өмірге тек өнерлі ұлдарды әкелген, әуелі "Орда" боп дүркіреп, кейін "Ninety one" тобының продюсері болған Ерболат Беделханның ата-анасы қайтпас сапарға аттанып кетті дегенді естіп есеңгіреп отырмын. Топырақтарыңыз торқа болсын, аяулы жандар. Алла панасына алсын", - деп жазды "Мінбер" журналистерді қолдау орталығының жетекшісі Есенгүл Кәпқызы.

Жаңалықтар
0