Оқиға

Алматыда діни ұйым мүшелері балаларға азғындық жасады деген күдікке ілінді

© Sputnik / Табылды КадырбековМужчина держит девочку за плечо, архивное фото
Мужчина держит девочку за плечо, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматылықтардың арызынан кейін тексеріс басталды. Тұрғындар ұйымның кеңсесі мен кейбір мүшелерінің үйінде тінту жүргізуді талап еткен

НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан – Sputnik. Алматы қаласының полиция департаменті "Иегова куәгерлерінің"* үстінен арыз-шағымдардың түсуіне байланысты тексеріс өткізді. Сот тиісті санкциясын берді.

Ресми мәліметке сәйкес, тексеріс кезінде "Иегова куәгерлері"* діни ұйымының мүшелерінің үйі мен  қызметтік кеңселерінде тінту жасалған. Бұған сотқа дейінгі тергеу материалдары себеп болған. ҚР Қылмыстық кодекстің 122-бабы 3-тармағында ("он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерді бірнеше рет жасау") көрсетілген құқық бұзушылық анықталды.

Тағы оқыңыз: Ақтөбе лагерінде шу шықты: жеті баланың ата-анасы полицияға арыз берген

Бұл бап бойынша өмір бойына белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығы мен он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

Алматының полиция департаментінде 16 жасқа толмағандарға қатысты қылмыстың жасалуы тексеріліп жатқанын хабарлады. 

Тергеу амалдарына байланысты бұл іске қатысы барлардың аты-жөні жарияланбай отыр.

"Иегова куәгерлері"* - Ресей аумағында тыйым салынған ұйым.

Жаңалықтар
0