Видео

ТМД елдері басшылары кеңесінің отырысы басталды – видеотрансляция

Жазылу
Yandex newsTelegram
Бүгін, 11 қазан күні Ашхабадта ТМД елдері басшылары кеңесінің отырысы өтіп жатыр. Күн тәртібінде кезекті отырысты өткізу туралы шешім қабылдау және келесі төраға елді таңдау мәселесі тұр

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан астанасына бүгін таңертең барды. Ол Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесу өткізді. 

ТМД елдері басшылары кеңесінің отырысының күн тәртібінде кезекті отырысты өткізу туралы шешім қабылдау және келесі төраға елді таңдау мәселесі тұр.

Кеңес отырысының қорытындысы бойынша бірқатар жан-жақты құжатқа қол қою жоспарланған. Әлем және ТМД елдерінің халқына арналған үндеу солардың бірі. Құжат Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығына байланысты әзірленіп отыр.

2019 жылы Тәуелсіз мемлекеттер достастығы ұйымындағы төрағалық Түрікменстанға берілген болатын.

Жаңалықтар
0