Елорда тынысы

"Айына 17 мың теңге": мұғалімдерге арзан баспана беріліп жатыр - видео

Жазылу
Sputnik Қазақстан тілшісі елордалық мұғалімдер үшін алғаш рет ашылған жатақханада болып, жас ұстаздардың жағдайын көріп қайтты

Бес қабатты жатақханаға жас мұғалімдерді ғана қабылдайды. Олардың ішінде мектеп, колледж және тағы басқа білім беру мекемелерінің қызметкерлері бар.

© Sputnik / Владислав ВодневНұр-Сұлтанда жас мұғалімдер тұратын жатақхана ашылды
Айына 17 мың теңге: мұғалімдерге арзан баспана беріліп жатыр - видео - Sputnik Қазақстан
Нұр-Сұлтанда жас мұғалімдер тұратын жатақхана ашылды

Жатақхананың жолдамасын бірінші болып алғандардың арасында педагог-дефектолог Жангүл Бөрібаева да бар. Ол №1 педагогикалық-психологиялық түзету мекемесінде жұмыс істейді. Өзі – Қызылорданың тумасы. "Серпін" бағдарламасымен Қостанай қаласында білім алып, астанаға жұмыс істеуге келген. Оның айтуынша, жатақханаға қабылдау кезінде нақты талаптар болған.

© Sputnik / Владислав ВодневЖас ұстаз Жангүл Бөрібаева
Айына 17 мың теңге: мұғалімдерге арзан баспана беріліп жатыр - видео - Sputnik Қазақстан
Жас ұстаз Жангүл Бөрібаева

"Біріншіден, қызыл диплом болуы керек. Сосын тұрмысқа шықпаған маман болуы шарт. Үшіншіден, жас маман болуы және тұрақты тіркеуде тұрғаны қажет. Мен өзім бұрын жалдамалы пәтерге 35 мың теңге төлеп тұрдым. Жатақханада 15-16 мың болады дейді. Әрине, жатақханада тұрған тиімді. Оған қоса, менің жұмыс орным да жап-жақын", - деді Бөрібаева Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

© Sputnik / Владислав ВодневЖатақханада асүй, кір жуатын және үтіктейтін бөлмелер бар
Айына 17 мың теңге: мұғалімдерге арзан баспана беріліп жатыр - видео - Sputnik Қазақстан
Жатақханада асүй, кір жуатын және үтіктейтін бөлмелер бар

Ал әлеуметтік педагог Әйгерім Көнекбаеваның жұмысы алыс. Ол таңғы сағат 6:00-да тұрады. Себебі Интернациональный кентіне дейін бір жарым сағат жүру керек. Дегенмен, оған да жатақханада тұрған тиімді.

"Мен Алматыда №44 мектепте жұмыс істедім. Еңбек өтілім – екі жыл. Жақында астанаға түйіндемемді жібергенмін. Сөйтіп, бір ай бұрын осында ауысып келдім. Бір қызығы, мына жақта да №44 мектеп жұмысқа шақырды. Жатақхана туралы естіген бойда бірден арыз жазып, орын алдым", - дейді Көнекбаева.

© Sputnik / Владислав ВодневБір айдың ақысы – 17 мың теңге
Айына 17 мың теңге: мұғалімдерге арзан баспана беріліп жатыр - видео - Sputnik Қазақстан
Бір айдың ақысы – 17 мың теңге

Жатақханада қыздар мен ұлдар аралас тұрады. Бірақ бөлмелер бөлек беріледі. Колледж мұғалімі Ержас Нұрахметтің сөзіне қарағанда, астанада жұмыс істеп жүргеніне екі жыл болған. Құжаттарын тапсырғаннан кейін бірден жатақхана берген.

© Sputnik / Владислав Воднев Жатақханада тәжірибе алмасуға арналған аудиториялар бар. Жас мұғалімдер клубы мен көшбасшылардың резерв мектебі де болады
Айына 17 мың теңге: мұғалімдерге арзан баспана беріліп жатыр - видео - Sputnik Қазақстан
Жатақханада тәжірибе алмасуға арналған аудиториялар бар. Жас мұғалімдер клубы мен көшбасшылардың резерв мектебі де болады

"Әрине, салыстырмалы түрде алғанда жатақханада тұрған тиімді. Біріншіден, ақысы төмен. Мен өзім айына 17 мың теңге төледім. Екіншіден, әріптестермен бірге тұрғаннан кейін өзара тәжірибе алмасуға және білімді ұштауға өте ыңғайлы", - деп атап көрсетті Нұрахмет.  

© Sputnik / Владислав Воднев"Jas ustaz" орталығы 350 адамға арналған
Айына 17 мың теңге: мұғалімдерге арзан баспана беріліп жатыр - видео - Sputnik Қазақстан
"Jas ustaz" орталығы 350 адамға арналған

Осы уақытқа дейін жатақханадан 100 мұғалім орын алып үлгерді. Жалпы, орталық 350 адамға арналған. Осы жерде елордалық жас мұғалімдер клубы мен көшбасшылардың резерв мектебі де болады.

© Sputnik / Владислав ВодневЕлордалық жас ұстаздарға арналған жатақхана
Айына 17 мың теңге: мұғалімдерге арзан баспана беріліп жатыр - видео - Sputnik Қазақстан
Елордалық жас ұстаздарға арналған жатақхана
Жаңалықтар
0