Қоғам

Депутаттар баласын митингіге ертіп баратын ата-аналарды қамауға алуды ұсынды

© Sputnik / Арман АскарМногодетные женщины у здания правительства Казахстана, архивное фото
Многодетные женщины у здания правительства Казахстана, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәжілісмендер митингіге қатысу баланың денсаулығы мен психикалық тұрғыдан орнықты дамуына нұқсан келтіретінін алға тартып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 10 қазан – Sputnik. Сенат депутаттары кәмелетке толмаған балаларды митингке ертіп апаратын адамдарды 100 АЕК айыппұл салу немесе он тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуды ұсынып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасына балаларды митингіге ертіп баратындарды жауапқа тартуды көздейтін норма енгізді.

Сенаттың түсіндірме жазбасында айтылғандай, 2014 жылғы 5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 128-бабы мынадай редакцияда жазылмақ.

"Кәмелетке толмаған адамды Қазақстан заңнамасын бұза отырып өткізілетін жиналыстарға, митингілерге, шерулерге, демонстрацияларға және қоғамдық, топтық немесе жеке мүдделермен қарсылық білдіруге тартуға болмайды. Мұны бұзғандарға 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады немесе 10 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алынады", - делінген.

Ал осы іс-әрекеттерді қоспағанда, кәмелетке толмаған баланы әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тартқандарға 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Тағы оқыңыз: "Бізді надан деп ойлайсыздар ма?": Абаев Жаңаөзендегі митинг туралы пікір білдірді

Түсіндірме хатта көрсетілгендей, азаматтар баланы санкцияланбаған митингке шығару арқылы оның денсаулығына және психикалық тұрғыдан орнықты дамуына нұқсан келтіреді.

"Осыған байланысты рұқсат берілмеген акцияларға кәмелетке толмағандарды тартқаны және пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілік ұсынылып отыр", - дейді депутаттар.

Айта кетсек, қолданыстағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 128-бабында кәмелетке толмаған балаларды әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға тартқандарға 50 АЕК айыппұл салынатыны айқын жазылған. Енді депутаттар бұл бапқа митингтер мен демонстрацияларды қосып отыр.

Бұған дейін сенат депутаты Сәуле Айтпаева 16 жасқа толмаған балаларын митингіге ертіп шығатын ата-аналарды жауапқа тартуды ұсынған еді.

 

Жаңалықтар
0