Қоғам

Алматыдағы дәрігерлер ісі: Күдебаев қызметінен шеттетілген жоқ – ІІМ

© Sputnik / Ксения ВоронинаПолицейский
Полицейский - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күдебаев отбасындағы трагедияға байланысты еңбек демалысына шықпаған. Ол келесі аптада басталатын аттестацияға дайындалып жүр

НҰР-СҰЛТАН, 10 қазан – Sputnik. Алматы полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев аттестацияға дайындалып жатыр. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Әрине, ол жұмыста. Қызметінен шеттетумен байланысты шаралар жоқ. Ол аттестацияға дайындалып жатыр. Аттестация келесі аптадан басталады", - деді Калайчиди сенат кулуарында.

Ол Күдебаевтың отбасындағы трагедияға байланысты еңбек демалысына шықпағанынын атап өтті.

Еске сала кетсек, Алматының бас полицейінің ұлы Нұрсұлтан Күдебаев жол апатына ұшырап, осы жылдың 27 тамызында Германиядағы емханалардың бірінде көз жұмды. Бұған дейін ол Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханада ем алған.

Осыдан кейін аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаев пен анестезиолог Асқар Тұңғышбаев кәсіби міндеттерін тиісті деңгейде орындамады деген күдікпен қамауға алынды. Алматылық дәрігерлердің ісіне Қазақстан президенті араласып, дәрігерлер босап шықты.

Тағы оқыңыз: Алматыдағы полиция департаменті басшысының ұлы қайтыс болды

Оларға Қылмыстық кодекстің 317-бабы, 3-бөлігі "Медициналық немесе фармацевтикалық қызметкердің кәсіби міндеттерін тиісті деңгейде орындамауы" бойынша айып тағылып отыр.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев дәрігерлердің қамауға алынуына Алматы полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаевтың қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Жаңалықтар
0