Саясат

Тоқаев: Қазақстан мен Ресей арасында ешқандай күрделі мәселе жоқ

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаГлава государства принял министра иностранных дел Российский Федерации Сергея Лаврова
Глава государства принял министра иностранных дел Российский Федерации Сергея Лаврова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент Сергей Лавровтың Қазақстан астанасына ресми сапармен келуі екі жақты қарым-қатынастарға қосымша серпін беретінін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 9 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтанға ресми сапармен келген Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады.

 Тараптар екі жақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелерін талқылады, сондай ақ, аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге қатысты пікір алмасты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Сергей Лавровтың Қазақстан астанасына ресми сапармен келуі екі жақты қарым-қатынастарға қосымша серпін беретінін атап өтті. Сонымен қатар президент Сочидегі Валдай форумынан алған әсерімен бөлісіп, жиынның жоғары деңгейде өткенін айтты.

"Біздің елдеріміздің арасында ешқандай күрделі мәселе жоқ. Қазақстан мен Ресей сияқты әріптестер үшін солай болуы да заңдылық. Біз одақтастығымызды бекітіп және дамытуға ниетті стратегиялық әріптестерміз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сергей Лавров мемлекет басшысына Қазақстан-Ресей арасындағы жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдердің жүзеге асырылып жатқаны туралы мәлімет берді. Сонымен қатар ол екі елдің сыртқы істер министрлері келіссөздерінің қорытындысы туралы айтты.

"Біздің пайымдауымызша, байланыстарымыздың дамуы жақсы. Қарым-қатынастарымыздың дамуына жоғары деңгейде берілген серпін, біз үшін барлық бағыттағы өзара іс-қимылдарымызға бағдар болуы тиіс", – деді ресейлік дипломат. 

Жаңалықтар
0