Спорт

Сәлемдесу кезінде қулыққа барған спортшы қыз оңбай таяқ жеді – видео

© Photo : AFP 2019 / ASANKA BRENDON RATNAYAKEОңтүстіккореялық Джи Йон Ким австралиялық спортшы Надя Кассимді ұрып жатыр
Оңтүстіккореялық Джи Йон Ким австралиялық спортшы Надя Кассимді ұрып жатыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жекпе-жектің басында дәстүрлі қол алысу кезінде австралиялық спортшы қарсыласымен амандасқысы келгендей кейіп танытып, күтпеген жерден бір тепкен

НҰР-СҰЛТАН, 9 қазан – Sputnik. Австралиялық спортшы Надя Кассим UFC аясындағы жекпе-жек кезінде жымысқы әрекет жасағаны үшін сазайын тартты.

The Sun таблоиды хабарлағандай, оқиға Мельбурндегі UFC 243 турнирінде болған.

​Жекпе-жектің басында дәстүрлі қол алысу кезінде Кассим қарсыласымен амандасқысы келгендей кейіп танытады, алайда оны бір тебеді. Дегенмен ол бұл жымысқы әрекеті үшін бірден сазайын тартты – бір секундтан кейін оңтүстіккореялық Джи Йон Ким оны нокдаунға жіберді.

Тағы оқыңыз: Хабибтен жеңілген Порье көз жасын тыя алмады – жекпе-жектің видеосы

Нәтижесінде жекпе-жек екі раундқа созылып, австралиялық спортшы техникалық нокаутпен ұтылды.

Жаңалықтар
0