Әлем

Печеньенің ішінен адамның тісі шықты: оқиғаның мән-жайы

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуПроизводство кондитерских изделий ООО "Орион Интернейшнл Евро"
Производство кондитерских изделий ООО Орион Интернейшнл Евро - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дәрігер тістің шіріп, түбімен түскенін анықтаған. Ол шамамен елу жастағы әйелдікі болуы мүмкін деп болжанды

НҰР-СҰЛТАН, 8 қазан – Sputnik. Англиядағы Глостершир графтығының дәрігері печеньеден адамның тісін тапты, деп жазды The Sun басылымы.

90 жастағы Джордж Бердвуд күн сайын таңертең шаймен печенье жеп жүрген. Алайда бір күні тәттіні жеген кезде қатты затты сезген. Кейін оның тіс екенін көріп, жағасын ұстады. Дәрігер тіс шіріп, түбімен түскенін айтады.

Джордж Бердвуд печеньенің ішінен шыққан тіс 50 жастағы әйелдікі деген ойда. Ол печеньені дайындаған кезде тіс ұнға түсіп кетуі мүмкін деп отыр.

Тағы оқыңыз: Ішінде кене құжынаған нанды жеп қойған әйел ажал аузынан қалды

Зейнеткер өнімді дайындаған компанияға хат та жазыпты. Алайда жөнді жауап ала алмаған.

"Тамақтың қауіпсіз болуы – басты міндетіміз. Біз тұтынушылардың арызына үлкен жауапкершілікпен қараймыз, - делінген хабарламада.

Компания өкілдері дәрігермен сөйлескенін, тексеру жұмысын жүргізу үшін тісті жіберуін сұраған.

Жаңалықтар
0