Елорда тынысы

"Біртүрлі отыр": Тоқаевқа елорда әкімдігінің "креативі" ұнамай қалды

© Sputnik / Михаил Климентьев / Медиабанкке өтуПрезидент Казахстана Касым-Жомарт Токаев на пленарной сессии XVI заседания Международного дискуссионного клуба "Валдай"
Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев на пленарной сессии XVI заседания Международного дискуссионного клуба Валдай  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұр-Сұлтан қаласында мемлекет басшысының қатысуымен елорданы одан әрі дамыту жөніндегі жиын өтіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 8 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы одан әрі дамыту жөніндегі жиында шақырылған қонақтардың қалай отырғанына көңілі толмай қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгіновтің баяндамасынан кейін президент әкімдікке шақырылған шенеуніктердің ыңғайсыз отырғанын айтты.

"Қарап отырмын, жиынға келгендерді біртүрлі отырғызыпсыздар. Біз мында отырмыз, ал шақырылған қызметкерлер, қалалық мәслихаттың депутаттары бір-біріне қарап отыр. Бұл не қылған креатив? Жиналыс кезінде отырғызудың классикалық үлгісі бар емес пе?! Аудитория, шағын президиум. Орынсыз креатив. Адамдар бір-біріне қарап, ыңғайсыз отыр", - деп сынап тастады Тоқаев.

© Sputnik / Айгюзель КадирҚасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен елорданы одан әрі дамыту бойынша өтіп жатқан жиынға қатысушылар
Біртүрлі отыр: Тоқаевқа елорда әкімдігінің креативі ұнамай қалды  - Sputnik Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен елорданы одан әрі дамыту бойынша өтіп жатқан жиынға қатысушылар

Айта кетсек, Нұр-Сұлтан әкімдігінде астананы одан әрі дамыту мәселелері жөнінде жиын басталды. Мәжілісті Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ашты. Жиынға министрлер, облыс әкімдері, депутаттар шақырылған.

Жаңалықтар
0