Оқиға

Айдалаға апарған: Нұр-Сұлтанда ер адам әйелін өртеп жіберді  

© Photo : pixabay.comГорящий огонь спички. Иллюстративное фото
Горящий огонь спички. Иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Отбасылық ұрыс кезінде күйеуі әйелін адам жүрмейтін жерге апарып, үстіне бензин құйып, өртеп жіберген

НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда 43 жастағы ер адам әйелін өртеп жіберді, деп хабарлады қалалық полиция депараментінің баспасөз қызметі.

"Көзіме шөп салды": Талдықорған тұрғыны әйелін өлтіріп, досын көмекке шақырған 

Полицияға 6 қазан күні сағат 11:40 шамасында автобус аялдамасында (Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы ауданы) денесін күйік шалған әйелдің отырғаны туралы хабарлама түскен. Зардап шегуші бірден ауруханаға жатқызылған.

"Аталған факті бойынша күдікті ұсталды. Ол әйелдің 43 жастағы күйеуі болып шықты. Отбасылық ұрыс кезінде күйеуі әйелін адам жүрмейтін жерге апарып, үстіне бензин құйып, өртеп жіберген", - делінген полиция таратқан хабарламада.

Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті өз кінәсін мойындаған.

Ол Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Жаңалықтар
0