Оқиға

Нұр-Сұлтанда жанкүйерлер арасында төбелес болды – видео

© Sputnik / Табылды КадырбековКулак, иллюстративное фото
Кулак, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қызылордалық "Қайсар" астанада өткен Қазақстан кубогының финалында жеңіске жетті. Футбол клубы 2:1 есебімен "Атыраудан" басым түсті

НҰР-СҰЛТАН,  6 қазан — Sputnik. "Қайсар" мен "Атырау" клубтарының жанкүйерлері футболдан Қазақстан кубогы-2019 финалында стадионда төбелесіп кетті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

Sports.kz жариялаған видеода ойынның орта кезінде жанкүйерлер арасында төбелес басталып кеткенін көруге болады. Олар тіпті бір-біріне стақан лақтыра бастаған.

Айта кетсек, ақтық сынға "Қайсар" мен "Атырау" шыққан болатын. Алғашқы голды 67-ші минутта атыраулық шабуылшы Петар Гжельчак соқты. Ал ойынның 87-ші минутында Игорь Зенькович есепті теңестірді.

Тағы оқыңыз: Ақтаудағы жаппай төбелес: қылмыстық іс қозғалды – видео

Ойынның соңғы минуттарында Думан Нарзильдаев "Атыраудың" қақпасына екінші голды соқты.

Жаңалықтар
0