Спорт

Головкин мен Деревянченко жекпе-жектен кейін ауруханаға жеткізілді

© REUTERS / Joe CamporealeГеннадий Головкин мен Сергей Деревянченконың жекпе-жегі
Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченконың жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қос боксшы арасындағы жекпе-жек он екі раундқа созылып, отандасымыз төрешілер шешімімен жеңіске жетті

НҰР-СҰЛТАН, 6 қазан – Sputnik. Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткен жекпе-жектен кейін қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен украиналық Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұл туралы украиналық спортшының промоутері Лу ДиБелла хабарлаған. The Ring басылымының тілшісі Райан Сонгалия Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында промоутердің сөзін келтірген.

"Головкин мен Деревянченко баспасөз мәслихатына қатыса алмайды. Екеуі де ауруханаға бара жатыр. Бұл туралы ДиБелла айтты", - делінген тілші таратқан хабарламада.

Айта кетейік, қос боксшы арасындағы жекпе-жек 12 раундқа созылып, төрешілер шешімімен Геннадий Головкин жеңіске жетті. Осылайша, ол кәсіби рингтегі 40-шы жеңісіне қол жеткізіп, орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанды.

Зал шулап кетті: Головкин жекпе-жектен кейін мәлімдеме жасады

Жаңалықтар
0