Қоғам

Қазақстанда жалқау шенеуніктер қалай жазаланбақ?

© Sputnik / Болат ШайхиновМарат Бекетаев (в центре фото)
Марат Бекетаев (в центре фото) - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әділет министрі әкімшілік рәсімдік іс жүргізу кодексінің жаңа жобасы туралы айтты. Оған сотқа берілетін арыз-шағымның жаңа түрлері енгізіледі

НҰР-СҰЛТАН, 4 қазан – Sputnik. Әділет министрі Марат Бекетаев әкімшілік рәсімдік іс жүргізу кодексінің жаңа жобасы бойынша шенеуніктерге айыппұл қалай салынатынын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, кодекс аясында сотқа берілетін арыз-шағымның жаңа түрлері енгізіледі. Ондай арыз мемлекеттік органның үстінен түссе, оның басшысына айыппұл салынады.

"Бүгінде заң бойынша шенеуніктерге нақты міндеттер жүктелген. Бірақ кей кезде олар түк істемей, уақытты созып жүреді. Мәселен, лизенцияны беру мерзімін өткізіп, үш ай бойы рұқсатты бермей қалады, я болмаса, бір нәрсені тіркемей жүріп алады. Онда сотқа шағым жазылады. Арыз беруші нақты органды көрсетіп, лицензия рәсімдеу жұмысын міндеттеуді сұрайды. Соттың шешімі шығады. Шенеунік оны орындамаса, сот айыппұл салатын болады", - деді Бекетаев Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Оның сөзіне қарағанда, сот айыппұлды үздіксіз сала береді. Бірақ бір айыппұлдың мөлшері 100 айлық есептік көрсеткіштен (252 500 теңге - Sputnik) аспауы тиіс.

"Бұл – аз ақша емес. Бірақ екі-үш айдан кейін соттың шешімі орындалмаса, айыппұл тағы салынады. Бұрын мемлекеттік орган мен шенеунікті әрекет жасауға міндеттейтін механизм болмаған. Енді, ол жаңа кодекске енгізіледі", - деп атап көрсетті Бекетаев.

Айта кетейік, әкімшілік рәсімдік іс жүргізу кодексінің жаңа жобасында тағы бір маңызды жаңалық бар.

Бүгінде әкімшілік сипаттағы шағымдар азаматтық-процессуалдық тәртіппен қаралады. Алайда судья шағым берушіге көмектесе алмайды. Кодекстің жаңа жобасы бойынша ондай істер жеңілдетілген тәртіппен қаралады. Ал, ең бастысы, судья қосымша деректерді талап етіп, шағымданушыға ақыл-кеңесін бере алады. Себебі әкімшілік өндірісте, көп жағдайда, шағым беруші мен жауап берушінің дәрежесі бірдей емес.

Тағы оқыңыз: 13 тонна алтынды үйінде жасырған шенеунік ұсталды – видео

"Мәселен, қарапайым азамат мемлекеттік органға қарсы шағым түсірді делік. Бірақ сотта оның құқықтық әрі заңгерлік ресурстары мемлекеттік органмен бірдей емес. Мемлекеттік органдардың мәлімет жинауға мүмкіндігі көп, кәсіби заңгерлері де бар. Соның бәріне бюджеті жетеді. Ал қарапайым адамда ондай жағдай жоқ. Бұл жағдайда теңсіздік мәселесі туындайды. Міне, мұндай жағдайда сот белсенді болуы керек. Иә, ол шағым беруші адамға көмектеседі. Ал мемлекеттік орган өзінің кінәсіз екенін дәлелдеп шығуға міндетті болады", - дейді Бекетаев.

Жаңалықтар
0