НҰР-СҰЛТАН, 2 қазан — Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Сочиде Қазақстанның мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен екіжақты өңірлік мәселелерді талқылайды, деп хабарлайды Кремльдің баспасөз қызметі.
3 қазан күні Путин "Валдай" клубының пленарлық сессиясына қатысады деп күтіліп отыр.
"Форумда Ресей президенті Әзербайжан, Иордания, Қазақстан және Филиппин елдерінің басшыларымен кездеседі. Екіжақты және өңірлік мәселелер талқыланады деп күтіліп отыр", - деп жазылған хабарламада.
"Валдай" халықаралық пікірталас клубының отырысы 30 қыркүйек – 3 қазан күндері аралығында өтеді. Тақырыбы:"Шығыс дамуы және әлемдік саяси құрылыс". Ал панельдік сессия 3 қазан күні өтеді.
Тағы оқыңыз: Назарбаев, Путин мен Трамптың видеолары желіде қызу талқыланды
Форумға қатысушылар Шығыстың әлемдегі жағдайға әсері, таяу шығыс мәселелерін реттеу, Еуразия кеңістігі аумағында әріптестік орнату жайы талқыланады. Сондай-ақ, Ресейдің Шығыс бағытындағы сыртқы саясатына ерекше көңіл аударылады деп күтіліп отыр.
Клуб жұмысына 37 елден 140-тан астам сарапшы келеді.