Қоғам

"Менің кінәм емес...": Қытайдағы туыстарына барған қазақ қызы қиындыққа тап болды

© Sputnik / Тимур БатыршинСнег в Алматы
Снег в Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министр Аймағамбетов Қытайға барамын деп оқудан шығып қалған қыздың мәселесін заңнама тұрғысынан қарауға уәде берді

НҰР-СҰЛТАН, 2 қазан – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қытайдан көшіп келген қазақ қызын қабылдады. Оны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде гранттан шығарып тастаған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

2016 жылы Айна Қамалбек Қытайдан келіп, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне грантқа түскен. Бірінші курстан кейін туған-туыстарына барған. Бірақ қайтадан оқуға келе алмаған.

"Енді екі жылдан кейін келсем, грантымды алып қойыпты. Ақылы негізде оқисыз деді. Бірақ оған менің жағдайым жетпейді. Қазақстанға қайтып келе алмағаным менің кінәм емес. Мен бұл жақпен хабарласа алмай қалдым...", - дейді Қамалбек.

Министр Асхат Аймағамбетов бәрін заңнама тұрғысынан қарауға уәде берді. Осы орайда тәртіп бойынша студент екі жыл бойы сабаққа келмесе, грант басқа адамға берілетінін жеткізді. Ал грант иесі академиялық демалысқа өтініш бере алады. Сонда оның гранты сақталады. Министр студент қыздың қайтып келмеуіне не себеп болғанын да сұрады. Айна Қамалбек төлқұжаттың болмағанын айтты.   

"Енді болып жатқан жағдайдың барлығын білесіз ғой... Төлқұжатым болған жоқ... Сосын қайтарып берді. Қазір төлқұжатым өзімде. Бірінші курстан кейін екі жыл бойы келе алмадым", - деп атап көрсетті Қамалбек.

Тағы оқыңыз: Моңғолиядағы қазақтар да алаңдап отыр – қандас ақын

Министрдің айтуынша, екі жыл бұрын академиялық демалыс алу керек еді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ондай өтініштің түспегенін хабарлады.

"Бүгінгі заңнамаға сәйкес, оқуға қайтадан қабылдауға ешқандай мүмкіндік жоқ. Дегенмен, бір жолын іздейік. Көмектесуге тырысамыз. Бірақ университеттің қабылдаған шешімдері заңға сай. Өйткені сіз екі жыл бойы сабақта болған жоқсыз. Ондайда университет оқудан шығаруға міндетті. Біз осы мәселені егжей-тегжейлі қарайық, сосын сізге жеткіземіз", - деді Аймағамбетов.

Жаңалықтар
0