Экономика

Тоқаев Қазақстанның экономикасына алаңдаушылық білдірді  

© Sputnik / Сергей Гунеев / Медиабанкке өтуГлавы государств в Армении на ВЕЭС
Главы государств в Армении на ВЕЭС - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақтағы экспорты төмендегенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тауар айналымының Еуразиялық экономикалық одақ ішінде де, үшінші елдермен өзара саудада да төмендеуін қолайсыз тенденция деп атады.   

"Әлемде, әсіресе, біздің негізгі экономикалық серіктестеріміз – ЕО және Қытайда экономикалық өсімнің баяулауы бізге салқынын тигізуі мүмкін. 2019 жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысы бойынша ЕАЭО-ның үшінші елдермен тауар айналымы 2% төмендеді. Одақ елдерінің өзара саудасы 5%-ке 28 миллиард долларға дейін қысқарды. Бұл жағымсыз үрдіс екені сөзсіз", - деді Тоқаев Ереванда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында сөйлеген сөзінде.  

Тағы оқыңыз: Ресейлік дипломат Тоқаев қытай тілінің арқасында қандай ерлік жасағанын айтты 

Тоқаев Еуразиялық экономикалық одақ ішіндегі қазақстандық өнімнің экспорты төмендегеніне алаңдаушылық білдірді.

"Қазақстанның ЕАЭО елдерімен экспорты 6%-тен астам төмендеді. Мұның объективті экономикалық себептері бар. Дегенмен әкімшілік кедергілер де бар. Күрделі жаһандық жағдайда біз үшін мемлекеттеріміздің тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз ету өте маңызды", - деді мемлекет басшысы.

Ол бұған нақты және өзара тиімді ынтымақтастық, интеграция және қауымдасу арқылы қол жеткізуге болатынын атап өтті.

"Бүгінгі отырыс біздің интеграциялық бірлестікті одан әрі табысты дамытудың маңызды қадамы болатынына сенімдімін", - деп толықтырды Тоқаев.

 Қазақстан президентінің пікірінше, ЕАЭО әлемдік сауданы дамытудағы маңызды және елеулі топтардың біріне айналды.

Одақ сыртқы серіктестермен өзара тиімді ынтымақтастыққа әрқашан ашық, деп түйіндеді Тоқаев.

Жаңалықтар
0