НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан – Sputnik. Қорғаныс министрлігі жаңа мереке – басқа мемлекеттердің аумағында жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан қазақстандық жауынгер күнін бекітуді ұсынып отыр. Тиісті қаулы жобасы "Ашық нормативтік-құқықтық актілер" порталында жарияланған.
"Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізімі келесі мазмұндағы 30-1 тармақпен толықтырылсын: Басқа мемлекеттердің аумағында жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан қазақстандық жауынгер күні", - делінген құжатта.
Жаңа мерекені 10 қыркүйекте атап өту жоспарланып отыр.
Қаулы жобасы осы жылдың 14 қазанына дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.
Айта кетсек, Қазақстанда 7 мамырда Отан қорғаушы күні аталып өтеді.