Аңдатпа

Қазақстанда 1 қазанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание правительства РК в Астане
Здание правительства РК в Астане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан агенттігі 1 қазанда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ 2-4 қазанда не жоспарланғанын біле аласыз

1 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Үкімет отырысы. Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралады: 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау, ауылды жерлерде кең жолақты интернетті және 5G желісін дамыту. Отырыстың қорытындысы бойынша цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев пен "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевтің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді. Үкімет отырысын тікелей эфирден көруге болады. Арналар: PrimeMinister.kz, YouTube арнасы және Facebook, Twitter, "ВКонтакте" (Үкімет үйі, Мәңгілік ел даңғылы, 6. Аккредитация +7 (7172) 75 00 10, 74 58 64 телефондары немесе press.kpm@mail.ru электронды поштасы арқылы жасалады).

10.00 – Kazakhstan Security Systems атты қауіпсіздік және азаматтық қорғанысқа арналған көрме-конференция өтеді (Тәуелсіздік сарайы, Тәуелсіздік даңғылы, 52. Байланыс телефоны+7(7172)64 23 23 (208 ішкі);

11.30 - "Самұрық-Қазына" қорының жетекші компаниясы – "Қазатомөндіріс" ұлттық компаниясының қосымша акцияларын шығару бойынша баспасөз мәслихаты өтеді. Айта кетейік, 26 қыркүйекте  Лондон биржасында және "Астана" Халықаралық қаржы орталығында "Қазатомөндірістің" құнды қағаздары сатуға шығарылған болатын. ("Samruk- Aqparat" баспасөз орталығы, Е-10 көшесі, 17/10). Байланыс телефоны: +7 (7172) 55 26 89).

15.00 –Трансформерлер шоуы өтеді ("Нұр Әлем" павильоны).

16.30 – Ядролық қару-жараққа қарсы жапон көрмесінің ашылуы. Аталған көрме алғаш рет 2012 жылы тамыз айында Хиросима қаласында ұйымдастырылған болатын. Одан кейін БҰҰ-ның Женевадағы штаб-пәтерінде өткен. Сондай-ақ, әлемнің басқа да жетекші жоғары оқу орындарында ұйымдастырылған. Көрме 13 қазанға дейін жалғасады.  (Назарбаев орталығының Елбасы кітапханасы, Бөкейхан көшесі, 1).

19.00 – Музыка күніне орай "Творцы вечных ценностей" атты концерт өтеді ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1. Байланыс телефондары: +7 (7172) 709 619).

АЛМАТЫ

19.00 – Eurasian Stars концерті. Қатысатын әртістер: Меруерт Кәрменова, Антонио Тинелли, Асқар Бөрібаев (Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы, Қалдаяқов көшесі, 35/23).

2 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – "Промстрой-Астана 2019" атты XX қазақстандық халықаралық көрме өтеді. Оған Қазақстан, Ресей, Испания, Италия, Қытай, Солтүстік Кипр, Украина және Швейцарияның кәсіпорындары қатысады ("Көрме" кешені, Байланыс телефондары: +7 (7172) 50 73 29).

11.00 – Тауар газы жөніндегі жұмыс тобының отырысы. Негізгі мақсат – негізгі тауар нарықтарындағы бәскелестікті зерделеу. Отырыс кезінде бәсекелестікті тежеп отырған кедергілер және осы тосқауылдарды еңсеру жолдары талқыланады. Жиынға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және кәсіпкерлер қатысады. (Мәңгілік ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 7 кіреберіс, 418 кабинет. Байланыс телефоны: +7 702 914 02 72).

15.00 – Ұялы байланыс қызметтері жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтеді. Сол жерде осы саладағы негізгі мәселелер талқыға салынады. (Мәңгілік ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 7 кіреберіс, 418 кабинет. Байланыс телефоны: +7 702 914 02 72).

3 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Қазақстан Республикасы травмотологтар мен ортопедтердің III Съезі және травмотологтардың VII Евразиялық конгресі. (Radisson Hotel Astana отелі, Сарыарқа даңғылы, 4. Байланыс телефоны: +7(7172)  54 75 32).

19.00 –"Вокальные Параллели" концерті. Аталған шара танымал опера әншісі Ерік Құрманғалиевті (1959–2007) еске алуға арналған. Оған Қазақстан мен Ресейдің музыканттары қатысады. Ерік Құрманғалиевті "қазақтың Фаринеллиі" деп атап кеткен. Себебі оның дауысы атақты итальян контртенорына ұқсаған. Концерт кезінде Құрманғалиевтің өзі орындаған шығармалар айтылады. ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1. Байланыс телефоны: 7 (7172) 709 619).

20.50 – Европа лигасының (гр. L) топтық кезеңі аясында "Астана" футбол клубы "Партизан" командасымен кездеседі. ("Астана Арена" стадионы, Тұран даңғылы, 54).

АЛМАТЫ

10.00 – "Мүгедек адамдардың қоғамдық өмірдегі инклюзиясы" тақырыбындағы халықаралық форум. Шарада мүгедектердің қоғам өміріне бейімделудің өзекті мәселелері талқыланады. Қатысушыларға осы мәселеге арналған іс-шаралар жоспары да таныстырылады. Форумға Қазақстаның үкіметтік емес ұйымдары, сондай-ақ, Франция, Германия мен Жапонияның мүгедектер ұйымдарының жетекшілері қатысады. ("InterСontinentalAlmaty" қонақ үйі, Желтоқсан көшесі, 181. Байланыс телефоны: +7 777 777 6606).

4 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН 

11.00 – Сұйытылған мұнай газы жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтеді. Сол жерде осы саланың өзекті мәселелері қаралады. (Мәңгілік ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 7 кіреберіс, 418 кабинет. Байланыс телефоны: +7 702 914 02 72). 

15.00 – Медициналық қызметтер мен анализ жасайтын зертханалар жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтеді. Жиында бәсекелестікті тежеп отырған кедергілер және тағы басқа проблемалар талқыланады. (Мәңгілік ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 7 кіреберіс, 418 кабинет. Байланыс телефоны: +7 702 914 02 72).

АЛМАТЫ

18.00 – Ғарыш апталығының ашылуы. Ұйымдастырушылары:  АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығы және American Space in Almaty. Аталған шара әлем бойынша ұйымдастырылады және Аполлон 11 миссиясының Айға қонғанына 50 жыл толуына арналып отыр. Алматыдағы шараға доктор Шэннон Уокер шақырылып отыр. Ол 2004 жылы NASA астронавтарының құрамында болған. Сондай-ақ, 2010 жылғы экспедициясымен бірге ғарышта 163 күн болып қайтты. Ғарыш апталығы аясында 4 қазаннан бастап "дөңгелек" үстелдер, презентациялар, көрмелер, шеберлік сабақтары, конкурстар, ойындар, обсерваторияға саяхат, тегін кинолар, кешкі ойын-сауық ұйымдастырылады. (Байланыс телефоны:  +7 777 227 44 16).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0