Қоғам

Тәтті және газдалған сусын қандай ауруға шалдықтырады – дәрігер жауабы

CC0 / rawpixel / Газдалған сусындар
Газдалған сусындар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Репродуктолог бедеулік пен белсіздіктің алдын алу үшін бала кезден дұрыс тамақтанып, үнемі қимыл-қозғалыста болуға кеңес берді

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Бала кезде тәтті және газдалған сусындарды шамадан тыс көп ішу ересек өмірде қант диабеті мен жүрек-қантамыр ауруларына әкеп соғуы мүмкін. Бұл туралы Алматыдағы репродуктивті медицина институты экстрокорпоралды ұрықтандыру орталығының жетекші маманы, жоғары санатты дәрігер-репродуктолог Людмила Бадельбаева айтып берді.

Дәрігер адамның репродуктивті денсаулығын нашарлататын факторларды атады. Біріншісі – тамақтану болса, екіншісі – қимыл-қозғалыстың аздығы.

"Дұрыс тамақтанбау қыздарда етеккір циклінің бұзылуына әкелсе, ұлдарда жыныстық даму процесіне кері әсерін тигізеді. Осы тұста экологияның әсері мен тұтынатын өнімдердің сапасы туралы ұмытпаған жөн. Балалық шақта тәтті және газдалған сусындарды шамадан тыс көп ішу ересек өмірде қант диабеті мен жүрек-қантамыр аурулары сияқты көптеген дертке әкеп соғуы мүмкін", - дейді Бадельбаева.

Бұдан бөлек, маман балаларға көбірек қозғалып, таза ауада жүруге кеңес берді.

Тағы оқыңыз: Мұндай дертке шалдығу қаупі 35 жастан кейін артады  – дәрігерлер дабыл қақты

"Қазір, өкінішке қарай, ата-аналар өзінің мазасын алмас үшін балаларға ерте жастан түрлі гаджет ұстатып қояды. Балалар заманауи техникамен сағаттап отырады. Әлемдік практикада бір орында тапжылмай ұзақ отыру иммунитеттің төмендеуіне, жалпы физикалық дамудың тежелуіне әкелетіндігі дәлелденді. Мұндай балалардың есте сақтау қабілеті нашарлайды. Бұл бос сөз емес, адам ағзасының физиологиясына қатысты шындық", - дейді дәрігер-репродуктолог.

Бадельдаева бүгінде бүкіл әлемде адамдардың репродуктивті денсаулығы нашарлап бара жатқанын атап өтті. Айтуынша, бұл мәселені қазір тек дәрігерлер ғана емес, психологтар мен әлеуметтанушылар да жиі көтереді.

Тағы оқыңыз: Сүтті шайдың ешкім күтпеген зияны анықталды

"Ұлдар мен қыздар арасында дұрыс қарым-қатынас қалыптастыру балалық шақтан бастау алады. Жасөспірім кезінде тәрбиеге ерекше көңіл бөлу керек. Өйткені осы жаста жыныстық жетілу кезеңі басталады. Отбасында рухани тәрбие болуы қажет. Ата-аналар балаларына барынша жақын болғаны абзал. Қазір әке-шеше мен бала арасында байланыс жоғалып барады", - деп алаңдады дәрігер.

Маман ата-аналардың қиын сұрақтарға жауап беруден жалтармауы, сабырлық сақтап, өзін-өзі ұстай білуі бала тәрбиесінде үлкен маңызға ие екенін жеткізді.

Жаңалықтар
0