Спорт

Нокаутқа түскен спортшы "жеңімпаз" болды – ерекше сәттің видеосы

© Sputnik / Владислав ВодневБоксеры на тренировке
Боксеры на тренировке - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кикбоксингтен өткен турнир кезінде франциялық және испаниялық спортшылардың жекпе-жегі күлкілі жағдаймен аяқталды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек — Sputnik. Франциялық кикбоксшы Хаким Кетаиба мен испаниялық Хосе Мария Кеведоның кездесуінде күтпеген жағдай болды. Видео YouTube-каналдардың бірінде жарияланған.

Р-Спорт-ның хабарлауынша, франциялық спортшы қарсыласын жойқын соққымен нокаутқа түсірген. Испаниялық бірден есін жия алмады. Ал нокауттан тұрған кезде өзін жеңімпаз санаған спортшының қуанышында шек болмады. Оның есеңгіреп жүргені байқалып тұрды. Тіпті ол тұра сала рингке емес, қарсы бетке қарай жүріп кетті.

Тағы оқыңыз: Әлем чемпионы атанған Нұрдәулетов Ла Крустың мәлімдемесіне жауап берді

Жекпе-жектің комментаторлары нокаут Кеведоны "паралельдік әлемге" жібергенін айтты. Осылайша Хаким Кетаиба жеңімпаз атанды.

Жаңалықтар
0