Әлем

Қалташадағы шай өте қауіпті болып шықты – ғалымдар дабыл қақты

© Photo : СС0 / congerdesignЧайный пакетик
Чайный пакетик - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ғалымдар зерттеу жүргізіп, шай қалташалары пластик бөтелкелерден едәуір көп қатер төндіретінін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Канадалық ғалымдар зерттеу барысында шай қалташаларын демдеген кезде көптеген пластик бөлшек бөлінетінін анықтады. Бұл туралы Макгилла университетінің Environmental Science & Technology порталында жарияланған мақаласында айтылған.

Тағы оқыңыз: Сүтті шайдың ешкім күтпеген зияны анықталды 

Қалташаның көмегімен демделген бір шыныаяқ шайдың құрамында 11,6 миллиардқа тарта микробөлшек және 3,1 миллиард нанобөлшек болуы мүмкін. Бұл басқа тамақ өнімдері мен сусындардағы, оның ішінде пластик бөтелкелердегі судың құрамындағы микропластика көлемінен едәуір көп, деп жазды РИА Новости.

Сонымен қатар бастапқыда бұл бөлшектер қалташаларда болмайтыны аталып өткен – олар материалдың қайнаған сумен әрекеттесуі кезінде түзіледі екен.

Микропластик бөлшектері бар суға дафния шаянын салған кезде олардың дамуында ауытқу басталған. Дегенмен мамандар бұл бөлшектердің адам денсаулығына қалай әсер ететінін толық зерттеп болған жоқ.

Жаңалықтар
0