НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек — Sputnik. Орта салмақтағы WBA (Super) тұжырымы бойынша әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жектен бас тарту туралы шешіміне түсініктеме берді.
Шолушы Крис Мэнникстің Twitter-дегі парақшасында Альвареспен сұхбаттан үзінді жарияланды.
Why does @Canelo want nothing to do with @GGGBoxing? "He has nothing to offer me." From our exclusive sit down last week. Full interview on @DAZN_USA pic.twitter.com/VNhvsjJQat
— Chris Mannix (@SIChrisMannix) 27 сентября 2019 г.
"Мен Головкинмен үшінші жекпе-жектен бас тартамын, өйткені оның маған көк тиынға керегі жоқ. Оны екі рет ұттым. Бірінші жекпе-жекте де, екіншісінде де жеңдім деп ойлаймын. Оның маған еш пайдасы болмаса, үшінші жекпе-жек не үшін керек? Қайдағы жоқ біреулермен жекпе-жек өткізіп жүр. Ол IBF титулын иеленген күннің өзінде, оны ешкім емес біреумен жұдырықтасып жеңіп алған болады", - деп мәлімдеді Канело.
Бұған дейін мексикалық боксшының промоутері Оскар Де Ла Хойя GGG мен Канелоның үшінші жекпе-жегі 2020 жылы өтеді деп мәлімдеген еді.
Тағы оқыңыз: Де ла Хойя Головкин мен "Канелоның" үшінші жекпе-жегі қашан өтетінін айтты
Саул Альварес пен Геннадий Головкиннің алдыңғы екі жекпе-жегі 2017 және 2018 жылдары өтті.
Алғашқысында боксшылар тең түстік. Екінші жекпе-жекте төрешілер жеңісті Канелоға берді.
Головикн 5 қазанда Нью-Йоркте украиналық Сергей Деревянченкомен жұдырықтасады. Боксшылар бұрын Альвареске тиесілі болған, қазір бос тұрған IBF белбеуіне таласады.