АЛМАТЫ, 28 қыркүйек — Sputnik. "Ленком" театрының жетекшісі, танымал ресейлік режиссер, Кеңес одағының халық әртісі Марк Захаров сенбі, 28 қыркүйекте 86 жасқа қараған шағында қайтыс болды.
Захаровтың өмірден озғаны туралы ақпаратты "Ленком" театрының директоры Марк Варшавер растады, деп хабарлайды РИА Новости.
"Ауыр қаза. Өкпесі қайта қабынып, ауруханада жатқан Марк Захаров екі сағат бұрын қайтыс болды", - деді ол.
Варшавер атақты режиссерді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі қашан және қайда өтетіні әзірге белгісіз екенін айтты.
Марк Захаров 1933 жылы Мәскеуде дүниеге келген. Ол 1973 жылы Ленин комсомолы атындағы (қазіргі "Ленком" ) театрдың бас режиссері болып тағайындалады.
Режиссердің көптеген жұмысы кеңестік және ресейлік кинематографияның алтын қорына енді: "Двенадцать стульев", "Обыкновенное чудо", "Тот самый Мюнхгаузен", "Дом, который построил Свифт", "Формула любви", "Убить дракона", "Белое солнце пустыни".