Қоғам

"33 бала жетім қалды": Сириядан қайтарылған балалардың нақты саны жарияланды

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуРебенок в детском саду
Ребенок в детском саду - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шамамен 254 бала мектепке дейінгі біліммен, яғни балабақшамен қамтылды. Ал 153 бала мектепке барып жүр

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі "Жусан" операциясы аясында Сириядан жеткізілген балаларға қатысты ақпаратты таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Вице-министр Бибігүл Асылованың айтуынша, осы уақытқа дейін Сириядан Қазақстанға 506 бала жеткізілді.

Сириядан оралған қазақтың өкініші: үшеуміз ғана тірі қалдық

Оның сөзіне қарағанда, кәмелеттік жасқа толмаған балаларға әлеуметтік-психологиялық көмек беруге арналған 15 орталық бар.

"Ол орталықтарда күн сайынғы стационарда 14 баласы бар 4 ана жүр. Қалғандары күндізгі стационарда. Қазіргі кезде шамамен 254 бала мектепке дейінгі біліммен қамтылды, яғни, балабақшаға барды. Ал 153 бала мектепке барып жүр. Сосын 33 жетім қалған бала бар. Олар жетімдерге арналған ұйымдарға таратылды", - деді Асылова астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, бүгінде арнайы жоспар жасалған. Соның аясында барлық балаға қолдау көрсетіледі. Бәрі арнайы мамандардың бақылауында болады.

Жаңалықтар
0