Әлем

Дәрігерлер жәндік шағып алған әйелдің екі аяғын кесіп тастады

© AP Photo / Andre PennerКомар
Комар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Науқас 8 ай ауруханада жатқан, дәрігерлер әйелді аман алып қалу үшін оның екі аяғын кесуге мәжбүр болды

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек – Sputnik. Англияның Хайворт қаласының 68 жастағы тұрғынын жәндік шағып алған. Қауіпті инфекция жұқтырған әйелдің денсаулығы нашарлап, дәрігерлер оның екі аяғын кесуге мәжбүр болды, деп жазады Daily Mirror басылымы.

Күні бойы бақта жұмыс істеген Сьюзан Баттери кешке қарай өзін әлсіз сезінеді, ол тұмаумен ауырып қалдым деп ойлаған.

"Аурудың белгілері тұмауға ұқсас болды. Күйеуім мені дәрігерге алып барды. Олар әуелі аллергия деп ойлайды", - дейді ол.

Дәрігерлер науқасты тексерістен өткізу үшін ауруханада қалдырған. Келесі күні күйеуі оның жансақтау бөліміне түскенін және жасанды комада екенін біледі.

"Мен қатты қорықтым. Есімді жинай алмай қиналдым. Әрең демалдым. Бүкіл ағзам ауырғандай болды. Тіпті, дәрігерлер маған көмектесу үшін тамағыма арнайы түтікше қойды", - дейді ол.

Дәрігерлер әйелдің ағзасынан некротикалық фасциит атты инфекцины анықтаған. Ауруды Streptococcus pyogenes немесе Clostridium perfringens бактериялары қоздырады екен.

Тағы оқыңыз: Отбасылы еркек әйелін зорлаған қаскүнемнің жыныс мүшесін кесіп тастады

Сьюзан Баттери дертінен емделу үшін 8 ай ауруханада жатқан. Оған 60 операция жасалды. Ақ халаттылар 68 жастағы әйелді аман алып қалу үшін оның екі аяғын кесуге мәжбүр болды. Сондай-ақ оған арнайы протез беріп, артық салмақтан арылуға кеңес берген.

"Мен бақша егуді қойдым. Енді таза ауада дем алып, құстардың әсем дауысын естігенді ұнатамын. Бірақ өте сақ болуды үйреніп, жан-жағымдағы дыбысқа назар аударатын болдым", - дейді әйел.

Жаңалықтар
0