Қоғам

Премьер-министр "Назарбаев старты" жобасымен танысты

© Photo : официальный сайт премьер-министра Республики Казахстан Қазақстан премьері Асқар Мамин мен "Роскосмос" басшысы Дмитрий Рогозин Байқоңырға келді
 Қазақстан премьері Асқар Мамин мен Роскосмос басшысы Дмитрий Рогозин Байқоңырға келді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан премьер-министрі мен "Роскосмос" басшысы Дмитрий Рогозин Байқоңырға келіп, ғарыш айлағын дамыту мәселелерін талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Байқоңыр қаласының дамуымен танысып, "Роскосмос" басшысы Дмитрий Рогозинмен "Назарбаев старты" жобасын талқылады, деп хабарлады премьер-министрдің ресми сайты.  

Асқар Мамин жұмыс сапары барысында Қызылорда облысының Байқоңыр қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуымен, сондай-ақ ғарыш саласындағы бірлескен қазақстандық-ресейлік жобалардың іске асырылу жағдайымен және перспективаларымен танысты.

Тағы оқыңыз: Путин "Бәйтерекке" Назарбаевтың атын беруді ұсынды 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Байқоңыр қаласын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын бақылау аясында Асқар Мамин "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша салынған бес 50 пәтерлі үйлердің алаңына барды.

Премьер-министрге қаланы газдандыру және сумен қамту, қонақ үй кешендерін салу және реконструкциялау, Байқоңыр қаласында "Байқоңыр" АЭА құру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды.

"Союз МС-15" пилотталатын кораблін ұшыруды бірлесіп бақылаған соң үкімет басшысы ғарыш қызметі жөніндегі "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының бас директоры Д. Рогозинмен "Назарбаев старты" ғарыш зымыраны кешенін құрудың қазақстандық-ресейлік жобасын іске асырудың өзекті мәселелерін талқылады. 

2019 жылы 7 қыркүйекте Мәскеу қаласында Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуі барысында ресейлік тарап "Бәйтерек" жобасын "Назарбаев старты" деп қайта атауды, сондай-ақ, оны тиімді іске асыру үшін "Союз-5" және "Союз-6" зымыран тасығыштарын ұшыру үшін бірегей стартты, сондай-ақ пилоттау бағдарламасын алып тастауды қарастыратын жаңа жағдайларды қарастыруды ұсынған еді.

Жаңалықтар
0