НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек — Sputnik. Англия тұрғыны пицца мен макароннан бас тартпай-ақ, 32 келіге арықтаған, деп хабарлайды The Sun басылымы.
Саманта Фриго шағын дәмхананы басқарған. Сондықтан бірнеше жыл бойы сол жерде тамақтанған. Ол тегін түскі және кешкі ас ішкендіктен, артық салмақ жинапты. Бұған көңілі толмаған әйел, арықтаудың жолын іздепті.
We NEED to try this! Woman loses 5st by eating MORE pizza and pasta! 😱 😍 https://t.co/tfipXaZtuj
— The Sun (@TheSun) 23 сентября 2019 г.
Фриго жаз жақындағанда қорқа бастағанын айтады. Ол суретке түсіп, жағажайға барудан бас тартқан.
"Мен сол кезде көкөніс, жеміс-жидек және таза судан бас тарттым", - деді британиялық әйел.
Саманта әрдайым көңілсіз болғанын айтады. Оның үсітен көп ұйықтаса да, тез шаршап қалатынын байқаған.
Тағы оқыңыз: Тоя тамақ ішіп те оңай арықтауға болады – ғалымдар кеңес берді
Сондықтан Фриго ерекше диетаны таңдады. Бұл диета пицца мен пастаны жеуге мүмкіндік берген. Бірақ белгілі бір калорий мөлшерін сақтау керек болған. Бұған қоса, ол аптасына бес рет спортпен шұғылданып, шынығып отырған. Ол газдалған сусын мен фастфудтан да мүлдем бас тартқан.
Тоғыз айда 32 келіге арықтаған. Әлі де диетасын жалғастырып келеді.