НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек — Sputnik. Ұлыбритания ғалымдары сүтті шайдың зиянын анықтады. Олар бірнеше зерттеу жүргізіп, сүт қосылған шай ас қорыту жүйесіне, асқазан-ішек жолдарының жұмысына кері әсерін тигізетінін дәлелдеді.
"Сүт пен шайды араластырып ішкенді ұнататындар асқазан-ішек жолдары ауруларына жиі шалдығады. Одан кейін нефролог мамандарға жиі қаралады. Себебі шайды сүтпен бірге ішу бүйректе тас және құмның жиналуына әкеледі", - дейді мамандар.
Сарапшылар бұны сүт өнімдерінің басқа тағамдармен сәйкес келе бермейтіндігімен түсіндіріп отыр, деп хабарлайды webinfo.kz порталы.
"Бұл жағдайда берілетін бір-ақ ұсыныс – сүт пен шайды бөлек-бөлек ішу керек", - дейді ғалымдар.
Мамандар шайды лимон қосып ішкен дұрыс екенін айтады. Сондай-ақ, сарапшылардың мәліметінше, сүт қосылған кофе сусынның зиянды әсерін азайтады. Дегенмен сүтті кофені де көп ішу зиян.
Тағы оқыңыз: Дәрігерлер балдың денсаулыққа қаупін айтты